КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАДЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы ғылыми қызметкерлерді, оқытушыларды, докторанттарды, магистранттарды 2016 жылдың 25 ақпанында Жамбыл Жабаевтың 170-жылдығына арналған «Жамбыл ақындық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.
Конференция аясында 3 секция жұмыс істейді: 1-секция. Жамбыл шығармашылығы: дәстүр мен жанашылдық; 2-секция. Жамбыл шығармашылығын тәуелсіздік кезеңдегі зерттеу мәселелері; 3-секция. Жамбыл және қазақ айтыс өнері; 4-секция. Жамбыл шығармашылығы және қазақ халық поэзиясын оқыту әдістемесі.
Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде болуы тиіс.
Материалдар жариялану үшін 2016 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады.
Мақаланы безендіру талаптары:
1. Жариялауға ұсынылатын материалдар мазмұны мынадай болуы тиіс: а) мақала атауы; б) Автордың (авторлардың) Т.А.Ә. ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны және қызметі көрсетіледі, Мақала көлемі – 5 бет, материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады – Times New Roman. Кегль – 14. Жиек – барлық жағынан 2 см. Бір интервалмен терілуге тиіс. Азат жол арақашықтығы – 1 см, пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген дерек көздерінің толық шығу мәліметтерімен мақаланың соңында көрсетіледі, дерек көздеріне сілтеме мақала мәтінінде жақшамен көрсетіледі (мысалы: [1, 89-б.]). Дерек көздерін қайталап келтіргенде алғашқы келтірілген дерек көзінің рет саны бойынша сілтемеде көрсетіледі, мақалаларға арналған аннотация ағылшын тілдерінде жазылады.
(5-6 сөйлемнен аспауы керек), мақала электрондық және қағазға басылған түрде ұсынылады (1 дана), жарияланым
құны – 4000 теңге.
Жариялану үшін материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: 050040, Казақстан Республикасы,
Алматы қ-сы, әл-Фараби д-лы, 71. ҚазҰУ, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы (3-ші қабат, 323, 325 каб.).
Немесе e-mail: esoltanaeava@mail.ru жіберуге болады.
Байланыс телефондары: Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы:
+7 (727) 3773339, (ішкі 1328, 1330).