Бауырлас әдебиетпен байланыс нығаяды
23.06.2023
246
0

Әзербайжан Республикасы Ұлт­тық Мәжілісінің депутаты Ганира Пашаева бастаған Әзербайжан делегациясы Қазақстан Жазушылар одағындағы кездесуінде әдебиет пен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Жазушылар одағы­ның басқарма Төрағасының орын­басарлары Нұржан Қуантайұлы, Қасымхан Бегманов, Ғалым Қали­бекұлы және белгілі сатирик Еркін Жаппас, ақын Бағдат Мүбәрәк бастаған Одақ қыз­мет­кер­лері Әзербайжан Республи­касынан келген делегация мүшелерін ыстық ықылас­пен күтіп алды.
Делегацияны Әзербайжан Респу­бли­касы Ұлт­тық Мәжілісі, Мәдениет комитетінің төрайымы, Әзербайжан-Қазақстан парламентаралық байланыс­тары жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, профессор, доктор Ганира Пашаева бастап келді. Кездесу барысында екі елдің әдебиетіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Алдағы уақыт­та Әзербай­жанда «Қазақ әдебиеті» күнін өткізу ту­ралы айтылды.
Әзер­байжан Республикасының ұлт­тық басылымдарына қазақ қалам­герле­рінің шығармаларын, сондай-ақ еліміздегі белді басылымдар – «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз», «Прос­тор» журналдарында Әзербайжан қалам­гер­лерінің шығармаларын жариялап отыру жайында екіжақты келісімге қол жеткізілді. Кездесуде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әдеби қа­рым-қатынасты нығайта түсу, аударма қыз­метін жандандыру жайлы сөз болды. «Біз сіздерді алдағы қазан айында Әзербайжан Республикасында күтіп алуға дайынбыз», – деп Ганира Пашаева қазақ халқына өзінің ризашылығы мен тілегін жеткізді.
Кездесу соңында Қазақстан Жазу­шы­лар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов атынан екі елдің жазу­шы қауымының ынтымақтастығын да­мытуға қосқан үлесі үшін, Ганира Па­шаеваға Қазақстан Жазушылар одағы­ның Құрмет­ті мүшесі куәлігін табыстады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір