Каирдегі даңқты билеуші салғызған мешіт
12.06.2023
161
0

Каирде даңқты билеуші Бейбарыс Сұлтанның
800 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өтті. Шараға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған делегаттар, Әл-Әзһәрдың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайеб пен дін өкілдері қатысты.

Сұлтан аз-Захир Бейбарыс мешіті Мысыр астанасы Каир қаласының ежелгі аудандарының бірінде орналасқан. XIII ғасырда негізі қаланған діни орын Бейбарыс Сұлтанның әмірімен салынған.
Ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 1960 жылдары қолға алына бастады. Қос елге ортақ тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру жұмыстарына Қазақ­стан да қатысты. Бейбарыстың 800 жылдығы – қазақ халқы мен мысырлықтар үшін мәні терең, маңызы зор оқиға. Мешіттің ресми ашылуында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев: «Бүгінгі шараға қатысушыларға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жылы лебізін және көне мешіттің ашылуына байланысты құттықтауын жеткізуге рұқсат етіңіздер. Біздің еліміз осы мерейтойды жоғары дәрежеде атап өтуге аса мән беріп отыр.  Мерейлі дата аясында 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Оның бір бөлігі Мысыр жерінде өткізіліп жатыр. Бүгін күрделі жөндеуден кейін қайта ашылып отырған «Сұлтан Аз-Заһир Бейбарыс» мешіті Мысыр мен Қазақстан үшін ғана емес, ислам әлемі үшін де бірегей мәдени мұра екені анық. Сондықтан оны қайта қалпына келтіру – әлемдік тарих пен мәдениет үшін маңызды оқиға», – деп елдің ықылас-тілегін жеткізді.
Қазақстан Президентінің Жарлығымен Әл-Әзһәрдың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайеб І дәрежелі «Достық» орденімен және Мысыр Парламенті Сенатының Төрағасы Әбдел Уахаб Әбдел Разек ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір