Түркияда тәжірибе алмасты
15.01.2023
102
0

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен және ұйымдастыруымен білім ордасының 50-ге жуық оқытушыпрофессорлар құрамы мен жас ғалымдары Түркияға тәжірибе алмасуға барып қайтты. Сапар аясында ҚазҰУ делегациясы Ақтеңіз университетінде болып, Антальяның көрікті жерлерін аралады. Ақтеңіз университеті – Түркиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Түркияда академиялық зерттеулер негізінде жазылған ғылыми мақалалар бойынша Ақтеңіз университеті үздік бестікке кіреді. Бір аптаға созылған курс бары сында оқытушылар түрік жо ғары білім беру жүйесімен етене танысып, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар заманауи білім беру, инновациялық әзірлемелер мен оқытудағы озық технологиялар тақырыбында тренингтерге қатысты. ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар заманауи білім беру, инновациялық әзірлемелер мен оқытудағы озық технологиялар тақырыбында тренингтерге қатысты.

 Мақала авторы:  ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Мақала жолдаушы: Маулит Бақытнұр 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір