ҚазҰУ ғалымының зерттемесі АҚШ-та жалғасады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы АҚШ-тағы Миссисипи университеті ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге кірісті.
Зерттеу орталығының базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнім әзірлейтін шағын өндіріс ашылған болатын. Мұнда сұраныстағы өнімдердің бірі – тұмау және COVID-19 ауруларына қарсы биологиялық белсенді қоспа. 2020 жылы дайындалған табиғи тұнбаның құрамына өкпені қуаттайтын, қақырық түсіретін, қанды сұйылтатын, қандағы майларды жоғалтып, қан айналымын жақсартатын, күш-қуат беріп, ұйқыны реттейтін қасиеті бар өсімдіктер қосылған.
Мақала авторы: ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Мақала жолдаушы:
Маулит Бақытнұр
Анипина Алия