Монархияға өтіп кете жаздаппыз…
28.02.2023
154
0

Қазақстандағы соңғы кезеңнің саяси реформалары өмір талабынан туындап отыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында сан алуан реформаны бастан кешкен ел мен жер бұл жолы да Президенттің бастамасымен қолға алынған реформаларға басында күмәнмен қарағаны өтірік емес еді.
Алайда іс барысында Президент реформаларының логикалық қисыны мен мазмұны бірден белгілі болып, елдің көкейінен шыға бастағаны ақиқат. Алдымен халық «Утильсбор», «Қазақтелеком» сияқты ірі компаниялардың мемлекет қарамағына өтуін зор қуанышпен, қанағатпен қабылдады.
Әлемдік тәжірибеде түрлі тоталитарлық режимдер мен монархиялардан кейін ірі кәсіпорындар мен нысандардың национализацияланғаны, мемлекет меншігіне өткені бар. 1990 жылдары Қазақстанда жекешелендірудің қалай өткені айтпаса да белгілі. Соған байланысты, халық арасында наразылық болып келді.
Осы тұрғыдағы соңғы кезеңнің реформалары, республика бойынша 5 мың гектардан астам жердің мемлекетке қайтарылуы оңтайлы іс болды. Халық оны толық мойындап отыр.
Монархия демекші, қазақ қоғамына отыз жылдың ішінде көрден шыққандай болып бұл құбылыстың да орала жаздағаны өтірік емес еді.
Жаңа реформа, біріншіден, Елбасы мәртебесін жойды. Осыдан бастап біздің елде президент жеті жылға бір-ақ мәрте сайланатын болды.
Бұл да – жаңарған Қазақстанның жаңа реформациясының басы. Сонымен, елімізде қоғамды, саяси жүйені реформалау басталып кетті. Алда Парламент сайлауы тұр. Бұл жолғы сайлаудың да жаңаша жағдайда өтетіні белгілі.
Бәрінен бұрын қазақ қоғамының ықтимал монархиялық жүйеден құтылғаны қуантады.

Ө. МҰҚАЙ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір