Ақпараттық хабарлама
29.01.2016
1813
0

«Қазақ әдебиеті» газеті (ары қарай – Газет) – меншік иесі «Қаламгер-Media» ор­талығы – Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, 2016 жылдың 20 наурызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кезектен тыс сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер ұсынған және тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттықтан үміткерлерді (бұдан ары – саяси партиялар), облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығынан үміткерлерді сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Газеттің басылым алаңдарын беру
шарттары мен жалпы тәртібі

Газет үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаң­дарын береді.
Газеттен басылым алаңдарын беру газеттің меншік иесі мен партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сенімді өкілі арасында үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Мұндай келісімшарт жасау үшін саяси партиялардың сенімді өкілдері баспа алаңдарын ұсыну үшін Газеттің меншік иесіне келесі ақпараттарды көрсете отырып, жазбаша өтініш жасайды: 1) партиялық тізімді ұсынғанын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі; 2) саяси партияның уәкілетті өкілінің құзыретін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі; 3) үгіт материалдарының түрі, алатын алаңының жоспарлан­ған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны; 4) қағаз (уәкілетті өкілдің көрсетілген әр парақтағы қойылған қолымен) және электронды тасымалдаушыдағы үгіт материалдың мәтініне түсіндірме; 5) өтініш беруші саяси партияның уәкілетті өкілінің жеке бас куәлігінің көшірмесі; 6) Жазбаша өтініш берген уәкілетті өкілдің қолы.
Газетке жазбаша өтініш осы Ақпараттық хабарлама негізінде
2016 жылдың 22 ақпанынан бастап 2016 жылдың 16 наурызына дейін, де­малыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайынғы сағат
10.00-ден 17-00-ге дейін, Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 105 үй, 3-қабат мекенжайы бойынша қабылданады.
Жарияланымдарда ақпаратты берген қаржыландыру көздері, олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиіс.
Облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттығынан үміткерлер (сенімді өкілдері) газеттің меншік иесіне келесі ақпараттар көрсетілген жазбаша өтініш тапсырады: 1) өтініш беруші үміткердің (сенімді өкілдің) тегі, аты және жөні; 2) үміткердің (сенімді өкілдің) жеке бас куәлігі, 3) уәкілетті органмен берілген үміткерлік (сенімді өкілдік) куәлігі; 4) үгіт-насихаттық материалдардың түрі, оны жариялаудың уақыты мен баспа алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны; 5) үміткердің (сенімді өкілдің) қолтаңбасы;
6) Жазбаша өтініш берген уәкілетті өкілдің қолы.
Үміткер куәлігінің көшірмесі мен үміткердің (сенімді өкілдің) жеке бас куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.
Баспа материалдарын орналастырудың кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газет тарапынан бел­гіленеді. Бірнеше саяси партия атынан жазылған өтініштер бір мезетте түскен жағдайда Газет тарапынан дәл сол күні жеребе өткізіледі. Жеребеге баспа материалдарды орналастыру кезегіне таласушы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен таластың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Саяси партиялардың әрбір уәкілетті өкіліне ішінде баспа материалын орналастырудың мерзімі көрсетілген, мөрленген конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны таласқа қатынасушылардың санымен тең болады. Жеребе аяқталғаннан кейін таласқа қатынасушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына тапсырылады.

Үгіт баспа материалдарын
беру тәртібі

Үгіт баспа материалдары газет жарық көретін күнге 3 (үш) күнтіз­бе­лік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиіс.
Газет материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ, заңмен қарастырылмаған және заңмен қарас­тырылған тағы басқа да негіздерде әскерилендерілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіт баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Газет саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұсқан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіт баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.

Газеттің басылым алаңдарын
төлеу тәртібі мен мөлшері

Үгіт материалдарды орналастыруға арналған басылым алаң­дарының бағасы:
– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депу­тат­тығынан үміткерлер үшін ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін – 800 теңге;
– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан үміткерлер үшін ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге мақала орналастырудың 1 шаршы см. үшін – 800 теңге;
– облыстық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін – 800 теңге;
– облыстық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге мақала орналастырудың 1 шаршы см. үшін – 800 теңге;
– аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін – 800 теңге;
– аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге мақала орналастырудың 1 шаршы см. үшін – 800 теңге;

Төлем Серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен басталатын 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі.
Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген Серіктестіктің банктік реквизиттеріне төленеді.

«Қаламгер-Media» орталығының Директоры
Жанарбек ӘШІМЖАН.
«Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы
Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір