ҰЛЖАЛҒАС АҚЫНҒА
22.02.2023
356
0

«Қ.Ә» газетінің (10.02.2023)
№5 санында жарық көрген
өлеңдерін оқыған соң.

«Суретіңді» –
Көрдім де,
Болдым –
Ғашық!
«Өлеңіңе» –
Аңқайдым,
«Ауызымды» –
Ашып!!
Бұ Дүниеде –
«Жоғыңа»:
Ұлжалғас-ау,
«Тасқа» –
Шапқан…
Қылыштай,
Қалдым –
Жасып…

(Неткен –
Көр-Мәдік,
Кере-Нау –
Жегін едік)
«Күн-Бейнеңе»,
Тәу –
Етпей,
«Көгіңе» –
Еніп…
…Ақын-Күйден,
Ауысып –
Пақыр-Күйге:
Ылағып –
Барам,
Елсізде –
Еңіреніп…

…Уай,
Қайтейін-ай?!

ИРАН-ҒАЙЫП
10.02.2023

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір