Бәйге
Талантты ақын С.Томановтың 60 жылдық мерейтойының қарсаңында «Адасып қалған ақ бөкен» атты жас ақындардың республикалық жабық жыр мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережесі:
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен 2016 жылдың 31 наурызында талантты ақын С.Томановтың 60 жылдық мерейтойының қарсаңында «Адасып қалған ақ бөкен» атты жас ақындардың республикалық жабық жыр мүшәйрасы Талас ауданы, Қаратау қаласында өтеді.
2. Мүшәйраның мақсаты:
• Ақын Серік Томановтың өмірі мен шығармашылығын халыққа кеңінен насихаттау;
• Ақындарға қолдау көрсету, жоғары деңгейлі шығармаларды өмірге әкелуге ынталандыру, шеберліктерін шыңдау, шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау;
• Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
• Қазақ әдебиетінің дамуына ақынның қосқан үлесі мен қалдырған мол мұрасын, кейінгі ұрпаққа үлгі ету, дәріптеу.
3. Мүшәйраның талаптары мен шарттары:
Мүшәйраға төмендегідей тақырыптар бойынша екі өлең қабылданады:
Бірінші өлең – Ақын Серік Томановтың өмірі мен шығармашылығына, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі мен қалдырған мол мұрасы туралы.
Екінші өлең – Жамбыл облысына арналған.
• Мүшәйраға жасы 35-тен аспаған әр ұлттардың өкілдері қатыса алады.
• Әдеби журналдарда, жинақтарда бұрын жарияланған шығармалар қабылданбайды.
• Ұсынылған өлеңдер компьютер арқылы терілген болуы тиіс. Қолмен жазылған шығармалар қабылданбайды.
• Мүшәйра жеңімпаздары қосымша жарияланып, шақырылады.
4. Құжаттарды қабылдау тәртібі:
• Құжаттар 2016 жылдың ақпан айының 29-на дейін төменде көрсетілген мекен-жай бойынша «Қазпошта» арқылы қабылданады.
• Мүшәйраға қатысушылар 9х13 см
2 фотосуреті мен жеке төлқұжатының көшірмесін, шығармашылық өмірбаянын (резюме) кіші конвертке салады. Сонымен қатар, мүшәйраға қатысатын өлеңін және кіші конвертті үлкен конверттің ішіне салып, сыртына лақап атын жазуға тиіс.
• Мекен-жайы:
080000, Тараз қаласы,
Төле би даңғылы 35 үй, 514 бөлме.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы («Мүшәйраға» белгісімен).
Байланыс телефондары: 8/726/2 43-88-01.
5. Ұйымдастыру комитеті:
• Ұйымдастыру комитеті дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады, жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.
• Ұйымдастыру комитеті мүшәйраға қатысқан шығармаларды жариялауға немесе жинақ қып шығаруға құқылы.
6. Мүшәйраның қазылар алқасы:
• Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады.
• Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.
• Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.
• Қазылар алқасы жүлделерді бөлуге немесе бермеуге құқығы бар.
Жүлдегерлерді марапаттау:
• Бас жүлде.
• Бірінші орын.
• Екінші орын.
• Үшінші орын.
• Ынталандыру сыйлықтары.
7. Қаржыландыру:
• Мүшәйра өткізуді қаржыландыру жергілікті облыстық қаражат шегінде жүзеге асырылады.
8. Қорытынды ереже:
• Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.