Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық
27.07.2022
497
0

2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Акцияның ұраны: Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы — 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

Акцияны ұйымдастырушылар:

1) ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті;

2) Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері;

3) Білім басқармалары;

4) Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер;

5) Орта білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы Департаменттер;

6) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың хатшылары, басқа да мүдделі тараптар кіреді.

Акцияны ұйымдастырушылар өз қаласының барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу ұсынысымен жүгінеді.

Жалпы өткен оқу жылында мектебімізді 3667 оқушы аяқтаса: оның 11 жетім, 211 аз қамтылған, 1500 көп балалы, 64 өгей әкемен, 12 өгей шешемен тұратын отбасының оқушылары. Осы оқушылар Алатау ауданы әкімдігі, Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізген шарада қолдау көріп отырды. Кез келген істің жемісті болуы оның жүйелі жүзеге асырылуымен құнды болатынындай «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының аясында №26 жалпы білім беретін мектеп биыл да көптеген қамқорлық шараларын көрсетсек деген ниетте.

Қамқорлық таныту – белгілі бір тәртіпті немесе күнтізбедегі белгілі бір күнді талап ететін іс емес екені сөзсіз. Сондықтан игілікті іс-шара жасаудан алда болайық!

 

                                         №26 жалпы білім беретін мектептің

әлеуметтік педагогы

Бейсенова Р.Б.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір