Сөз сұраймын, әлеумет, сөз сұраймын
08.01.2016
1540
0
Үмбетбай УАЙДИН,
сатирик
…Тіктеп маған қараңыз 
                         Сіз шырағым,
Бақырайған не дейді 
                         көз – шырағым? –
Қатты дамып барады 
                         мақтау-мадақ,
Сөз сұраймын, әлеумет, 
                         сөз сұраймын…
31659_612439342______________________________«Қатты дамып барады мақтау-мадақ» дегенде, мақтау-мадақты немесе жақсы сөз, жылы сөзді қо­ғамға, адамдарға көпсінгеніміз бе? Жо-ға, шек-шамадан, әдептен аспай, орнымен, жөнімен шын-шынайы айтылса жақсы сөз, жылы сөзден жанға жайлы не бар.
Өтірік-қитұрқысы жоқ, шын-шынайы жақ­сы сөзді кімнің іші бөтен кө­реді. «Мен өзім мақта­ғанды жек көрем» дейтіндер бар. Нанайық па, нанбайық па? Өтірік! Өз ішімнің шындығы мынадай.
Жақсы сөз, жақсы тілекті
Жақсы көтерем мен.
Жасанды, жалған тілекке
Көтереммін.
***
…Жығылсам,
                         Нағашымнан жығыламын,
Қулықтан одан
                         өзге шығынамын.
Өтірік мақтағанға меңіреумін,
Шын сөзге жаным
                         кіріп жылынамын.
***
…Журналист аты – сын есім,
Тастаңдар сілкіп «жіп» ерсе.
Күліңдер қарқ-қарқ, әлдекім
Өтірік мақтап жіберсе.
***
Ақылды адамдарды артық-ауыс мақтау-мадақ та шаршатады. Бірақ олар іштей кешіре береді. Ақымақтар мақтау-мадақ естіген сайын есіре береді.
***
Көп мақтаған жерде көп тұрма.
***
Айналып келгенде, мақтау-мадақ немесе жақсы сөз, жылы сөз әр адамның сапа «белгісі», шы­райы, еңбегінің бағасы, жылу энергиясы. Оны айтпауға бола ма? Ал мынадайды ше: «…аспан түстес, аспан тектес асыл азамат, ғасырда бір туатын ақылдың қайнар бұлағы, Алаштың ақ алмастай алдаспаны, сұңғыла, халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдызы, аяулы перзенті. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, жүр­дек ой, жүйрік те нәзік сезімнің ағыл-тегілі, Алаштың ардақтысы, ақыл-ойдың ақтаңгері, нарықтың наркескені, сардар, сайыпқыран жү­рек жұтқан батыр…». Бұл мақ­тау-мадаққа қалай қараймыз? Бұл «дамудың» арғы жағында не бұғып жатыр?.. Жақсы сөз рәсуасы. «Размер» мәселесі.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір