Шырмауық лигасын бағындырған зияткер
05.04.2022
298
0

Алматылық химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебінің 12 «К» сынып оқушысы Рамина Асқароваға элиталық   Шырмауық Лигасына  кіретін университет  толық оқу грантын ұсынып отыр.  Бұл қуанышты жаңалық АҚШ-тың ежелгі университеттерінің бірі Dartmouth College-дің  зияткерге жіберген  ресми  хатында жарияланған.  

Dartmouth College жыл сайын өз студенттерінің қатарына   үміткерлердің жалпы санының алты пайызын ғана қабылдайды. Рамина болашақ мамандықты инженерлік физиканың пайдасына таңдады. Раминаның жетістігі-бүкіл мектептің, оқытушылар мен жетекшілердің жеңісі. Дарынды оқушы көптеген ғылыми сайыстардың, байқаулар  мен олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері болып табылады. Болашақ түлектің портфолиосына бірқатар  ғылыми жобалар  кіреді, оның ішінде «Suyim App»   ас қорыту мәселелері бар адамдарға арналған мобильді қосымша, «PawForLife»үйсіз жануарларға арналған автоматтандырылған тамақтандырғыш , жасанды интеллектке негізделген плагиндер,социолингвистикалық зерттеулер.

 Рамина басқа үміткерлерден өзінің  басты артықшылығы ғылыми жобаларды әзірлеудегі жинаған тәжірибесі  болды деп санайды:

Мен ресми шақырудың алғашқы құттықтау жолдарын оқығанда,  өте қуанышты сезімде болдым, жеткізіп айту қиын. Бұл жетістік — менің және менің мұғалімдерімнің үлкен еңбегі деп білемін.  Біздің мектепте қосымша үйірмелер мәдениеті, оқушыларды зерттеу жобалау қызметіне тарту, интеграцияланған STEM-оқыту жақсы жолға қойылған. Мұның бәрі маған болашақ мамандықты анықтауға мүмкіндік берді  және эссе мен сұхбатта жақсы көрінді. Менің ойымша, креативті эссе басқа оқуға түсушілерден ерекшеленуге мүмкіндік береді және сіз болашақ мамандығыңыз бен портфолиоңыздың арасында параллель өткізсеңіз, бұл сіздің оқуға түсуіңіздің соңғы нәтижесіне оң әсер етеді», — деді Рамина.

   Болашақ түлектің  мектептегі еріктілер клубының  мүшесі  ретінде «Үйден тыс оқыту» әлеуметтің жобасы аясында ағылшын тілі мен математикадан мүмкіндігі шектеулі балаларға дәріс бергені, Enlight English жобасының үйлестірушісі ретінде Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген волонтер-оқытушыларды мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға тегін ағылшын тілін оқыту үрдесін бақылағаны Раминаның көшбасшылық қасиеттерін  көрсетеді..

Академиялық, ғылыми, қоғамдық , әлеуметтік жағын сәтті ұштастыра отырып, Рамина өзінің  биік мақсаттарын жүзеге асыруға қол жеткізді және әйгілі шырмауық Лигасының стипендиаттар  қатарына енген алматылық химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тұңғыш оқушысы болды.

Мектептегі кәсіби бағдар беретін маманның көмегіне сүйене отырып,  құжаттарды уақытымен, университеттің талаптарына сәйкестіріп тапсырдық. Мен болашақ түлектерге айтар едім , біз әрқашан өзімізге, арманымызға сенуіміз керек және күш-жігер, қажырлы еңбек, оқуға деген ұмтылыс,  түрлі дағдыларды игеру және дамыту  міндетті түрде мақсатқа әкеледі. Осы мүмкіндіктерді жасаған үшін Алматы қаласындағы НЗМ мектебіне менің ризашылығым шексіз, — деп бөлісті Рамина.

Айгерім Танкебаева,
Сарыбұлақ орта мектебінің
11-сынып оқушысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір