«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
30.11.2020
626
0

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алды. Мереке қарсаңында NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалды.⠀

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Нұр сазы» халық аспаптар оркестрі көрермендеріне Нұрғиса Тілендиевтың «Ата толғауы» күйін тарту етті. Зияткерлер онлайн-форматта ата-аналарды, ұстаздарды туындыны бірге тартуға шақырды.

Сонымен қатар, бірінші желтоқсанға республика бойынша Зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарлама жоспарланған. Мерекелік марафонды алғашқылардың бірі болып Өскеменде «Елбасы сүйген ел әні» бастады, сазды бейнечеллендж Қарағандыдағы және Петропавлдағы Зияткерлік мектептерге жолданды.⠀

Оралда «Президенттің бастамалары» тақырыптық NIS Tallks өтеді. Қостанайда «Елбасының кітаптары» атты виртуалды көрме әзірленуде. Қызылордадағы зияткерлік ойынға оқушылармен біргек олардың ата-аналары да қатысатын болады. Павлодарда «Замандастар жырлары» жобасы аясында дикторлар клубы көркем оқудан «Тәуелсіз елдің ұландары» байқауын ұйымдастырмақ.⠀

Талдықорғанда кездесуге Алтын домбыраның екі дүркін иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жандарбек Бұлғақов шақырылды.

Барлық Зияткерлік мектептерде «Бүгінгі шаңырақ  көшбасшылары – болашақ ел көшбасшылары» көшбасшылар форумы мен «Әлем таныған Елбасы» TEDx конференциялары, «Қазақстандық жол. Н.Назарбаев» виртуалды экскурсиялар мен «Ел тірегі – Елбасы» кітап көрмелері, «Елбасының қолтаңбасы» эссе және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сурет байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, «Елімнің бағы – Елбасы» атты концерттер мен өзге де шаралар жоспарланған.

Мереке күндерінде барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қашықтан ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетанулық зерттеу экспедициясы өз мәресіне жетеді. Әрбір өңірде балалар төрт бағдардан өтті: тарихи мұра («Ұлы Дала өркениеті»); табиғи қорық («Туған өлкем – жұмақ мекен!»); мәдени мұра («Ұлт руханияты – бабалар аманаты»); инновациялық даму («Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует»).

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір