КАРАНТИН ТӘРТІБІН ҚАТАҢ САҚТАЙЫҚ!
30.07.2020
663
0

Өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы #МаскаТағыңыз үгіт-насихат шарасын өткізген болатын.

Мұндағы мақсат – көпшілік орында, көшеде бетперде таратып, халықты карантин тәртібін қатаң сақтауға шақыру. Өзіне және айналасындарға жанашыр болуды тағы бір мәрте еске салу және індеттің ары қарай өршіп кетуіне жол бермеу.
Осы орайда, 24-25 шілде күндері Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен қала мен барлық аудандарда акция жалғасын тапты.

Шарада облыстық ҚХА жанынан құрылған волонтерлер орталығының еріктілері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, «Қоғамдық келісім» КММ Шиелі, Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған, Байқоңыр аудандары бойынша этносаралық қарым-қатынастар жөніндегі сарапшылар және аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған волонтер жастар белсенділік танытты.

Бұл күні ерікті жастар орталық алаңда, аллеяларда, Теміржол вокзалында, халық көп шоғырланатын жерлерге «Масқа Тағыңыз», «Денсаулығыңызды сақтаңыз» атты жазбалар қалдырды. Маска тағу, жеке гигиенаны қатаң сақтау адам саулығы үшін маңызды екендігін көрсетті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір