БІЗ СІЗБЕН БІРГЕМІЗ, ЕЛБАСЫ!
18.06.2020
979
0

«Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев короноавирус жұқтырды» деген жайсыз хабар Қазақ елінің барлық аймағына тегіс тарады. Елбасының денсаулығына алаңдаған белгілі тұлғалар өздерінің ақ тілектерін білдіруді жөн көрді.

Сәбит ОРАЗБАЕВ, өнер қайраткері:

Елбасымыз қазақтың қайсар ұлы ғой. Ұлтымыздың мемлекет ретінде дамуында ол кісінің сіңірген еңбегі зор. Еліміз Елбасының кемеңгерлігінің арқасында алмағайып кезеңдерден аман-есен өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы өнер саласына да ерекше көңіл бөліп, демеу көрсетіп отырады. Театрымызға келіп, жас актерлердің жалақысының аздығын, жеке баспаналары жоғын естіп, театр қызметкерлеріне жиырма пәтерді тегін  берген. Сахна қасиеті турасында керемет ойлар айтқан еді сол кезде. Бұл – адами қасиеттің, қамқорлықтың үлгісі. Өзі де қиындықты көп көрген. Бұл қиындықтан да аман өтуіне тілекшіміз. Тез сауығуын тілеймін.

 Сәбит ДОСАНОВ, жазушы:

Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді аздап сырқаттанып қалды дегенді естіп, халқыңыз алаңдап отыр. Сіз – өте күрескер, кемеңгер, данышпан адамсыз. Бәрін жеңгенсіз. Мұны да жеңесіз. Халқыңыздың сізге деген құрметі мен махаббаты өзіңізге күш-қуат берсін. Біз сізбен қашан да біргеміз, Алда 80 жылдық тойыңыз келе жатыр. Соған еліңіз дайындалуда. Мен де өзіңіз жайлы жаңа шығарма жазып, әзірленіп жатырмын. Тойда жүздесейік! Аман болыңыз!

Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы:

– Мынау ел басына түскен нәубет десе болатын індеттің айқын көрінісі – кешелі бері естіген мәліметтер бойынша сол індеттің шарпуы енді біраз беделді азаматтарға тиіп жатқанын көріп отырмыз. Ал бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы коронавиурс жұқтырды дегенді есітіп, бүкіл ел дүрлігуде. Өйтпегенде ше? Нұрсұлтан Әбішұлы мен Қазақстанның соңғы 30-35 жыл өмірі бір-бірімен тікелей байланысты. Әрбір отбасы үшін жақынындай болып кеткен қадірлі тұлға ғой ол кісі. Елді ұзақ уақыт басқарған көшбасшымыз. Алыс-жақын елдерге сес болғандай айбатымыз тәрізді қайраткер. Осындай ғасырда бір келетін тарихи тұлғаның аман жүргені, дені сау болғаны Қазақстан үшін әрқашан да керек. Бір жағынан, көп жылдардан бері таныс болған, шарапатын көрген інісі ретінде, екінші жағынан, Жазушылар одағы деген қарашаңырақтың атынан, жазушылар атынан Нұрсұлтан Әбішұлының тезірек айығып кетуіне тілектеспіз! Осы қазір ауруханада төсекке таңылып жатқан мыңдаған қазақстандықтардың отбасыларына аман-есен оралуларына тілекшіміз! Төңірегіміздің аман болуы үшін халықты карантин талаптарын сақтауға шақырамыз. Аман болайық!

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір