90 жыл біргеміз!
17.12.2024
545
0

Қазақстан Жазушылар одағына биыл 90 жыл толып отыр. Бұл тарихи тұрғыдан алғанда қас-қағым сәт болмағанымен, ұлт­тық әдебиет үшін аз уақыт емес. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары әдебиетшілердің алғашқы Құрылтайы өткен болатын.
Осы алқалы басқосуда поэзия мен проза шеберлерінің қоғамдастығын құру жайлы шешім қабылданғаны белгілі. «Литература и искусство Советского Казахстана» деп аталатын бүгінгі «Простор» журналы сол 1934 жылы-ақ қазақтың айтулы қаламгерлері Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің, өзге де ақын-жазушылардың шығармаларын үзбей жариялап тұрды. Бұдан кейінгі уақыт­тары да «Простор» журналы Қазақстан Жазушылар одағының мінберіне айналып, оқырманды әдебиет саласындағы тың туындылармен таныстырып отырды.
Қазақстан Жазушылар одағы біздің құрылтайшымыз ретінде журналдың уақытылы әрі сапалы болып шығуына үлкен көңіл бөліп келеді. Сондықтан қаламгерлер ұйымына қамқорлығы үшін шексіз алғысымызды жеткіземіз! Жазушылар одағының 90 жылдық мерейтойы құт­ты болсын! Қаламгерлердің тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!

 

Фархад ТАМЕНДАРОВ
«Простор» журналының
бас редакторы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір