ҚазҰУ командасы марапатталды
26.11.2019
647
0

ҚазҰУ командасы Қытайдың Сиань қаласында өткен Жібек жолының Робототехникадағы инновациялар байқауына (SRRIC) қатысып, дипломмен марапатталды.

 Байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы, профессор Ж.Байгунчековтың жетекшілігімен «Robot Humanoid Ai-Gerim» жобасын ұсынды. Механика кафедрасының докторанты Б. Аманов, оқытушысы Б. Сағитжанов, 3-курс студенттері Азиль Заманбек пен Рахымжан Заңғар құрастырған робот — гуманоид әлеуметтік робот болып табылады. Ол физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жұмысқа орналасуда көмектесетін бірқатар функцияларды орындайды . «Айгерім» роботының ерекшеліктері — дизайнның қарапайымдылығы, бағасының арзандығы және Wi-Fi байланысы арқылы мүмкіндіктері шектеулі оператор-адамдардың қашықтықтан басқара алуында. Айта кету керек, 2019 жылғы 17 — 20 қыркүйек аралығында Қытайдың Сиань қаласында Жібек Жолы университеттері Альянсының келесі Оқиғалары өткен болатын: Жібек Жолы университеттері Альянсы Президенттерінің форумы 2019 (UASR 2019) және Жібек жолының Робототехникадағы инновациялар байқауы 2019 (SRRIC). Жібек Жолы Университеттерінің Альянсы Президенттерінің Форумында (UASR 2019) біздің университетті «Сандық технологиялар және Робототехника» ҒБО директоры, механика кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Байгунчеков таныстырды. Форум барысында өткен Жібек жолының Робототехникадағы инновациялар байқауына (SRRIC) 8 елден 29 жоба қатысты, оның ішінде біздің командамыз ұсынған «Robot Humanoid Ai-Gerim» жобасы да бар.

 

ҚазҰУ шығыстаныу факультеті

                                                                                                                                                                 Маулет .  Б

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір