Еріктілер жылының ерекшелігі
25.05.2020
698
0

Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан  «Жаңа Ғасыр» № 175 гимназияда жас мамандардан еріктілер тобы құрылды.  Еріктілер тобы жарты  жыл ішінде  түрлі шараларға  қатысып келеді. Атап айтсақ   «қарттар үйіне», «жетімдер үйіне» және Таугүл – 3 ықшам ауданында тұратын аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі,  көп балалы отбасыларына азық-түлікпен және оқу құралдарымен  көмек көрсетті.

  Жалпы   мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдап отыру үнемі жүргізіліп келеді.  Атап айтқанда жазғы демалыс қарсаңында  131 оқушыларға спорттық киім, куртка, шалбар, т.б. жаздық киімдер таратылып берілді.   Мұндай іс – шараның  ұйымдастырылуы  ұрпағымыздың қоғам алдындағы жауапкершілігін оятары хақ.     

       «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсін» — деп айтқандай бір – бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қолұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту барлық азаматтың  борышы.

  Ендеше, болашағымыз бақытты болсын  десек, бір – бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық ағайын!  Біз біргеміз.

 Тұрсынбек Фарида Мұратқызы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясының әлеуметтік педагогы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір