«Күй тыңдайық»: Біләл Ысқақтың орындауында
13.04.2020
2271
1

«Қазақ әдебиеті» газеті «Күй тыңдайық» жобасын Ардаби Мәулет Әшімнің «Салықшы» күйін орындап, күй сәлемді  танымал күйші, ұстаз Біләл Ысқақ пен сыбызғышы Талғат Мұқышевке жолдаған еді.  Біләл Ысқақов күй сәлемді шәкірті, күйші Қуат Аманжолға жолдап отыр.

Біләл Ысқақов

Ысқақов Біләл Алпанұлы 1954 жылы 20 қазанда  қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылында туып, өскен. Жастайынан  домбыра тартуға құштар болған оның осы өңірге әйгілі Мәткәрім, Бағаналы, Сапаржан  күйшілерден, Ұлы күйші Тәттімбеттің туған немересі Шайхыдан күй тарту өнерінің қыр- сырын үйренуі —  күйші болам деген арманын асқақтата түскен. 1972 жылы Таскескендегі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, еңбек жолын туған аулында клуб меңгерушісі қызметінен бастаған. 1978 ж Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыка училищесін, 1983 ж Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Мұнда әйгілі профессорлар Айтқали Жайымов, Мәлгеждар Әубәкіров, Кенжебек Күмісбеков, Хабидолла Тастанов, Шамғон Қажығалмевтардан дәріс алған, сонымен қатар талантты жасқа  атақты күйшілер Мағауия Хамзин, Төлеген Момбеков, Нұрғиса Тілендиевтер де зор үміт артып, өз қолдарынан күйлерін үйретіп, баталарын берген.

Профессор Б.Ысқақовтың класынан тәрбие алып, лауреат атанған күйшілер көптеп саналады, олардың ішінен  Асылбек Еңсепов, Абылайхан Сқақов, Георгий Югай, Бейбарыс Хамзин, Еркін Ерген, Ольга Желтухина, Руслан Баймұқатов, Жігер Бертысов, Қуат Аманжол сынды шәкірттері бүгінде елге танымал  күйшілер.

 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 27.04.2020 | 19:19

Біздің құлағымызға Мұхамеджан Тілеухановтың орындауындағы осы күйдің сіңіп қалғаны соншалық, Біләл ағамыз айыпқа бұйырмасын, жатырқай тыңдадым.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір