ӨРЛЕУ КЕЗЕҢІНІҢ РЕФОРМАСЫ
01.04.2020
1196
0

Роза МҰҚАНОВА, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург

Күллі әлем үрей мен үміттің ортасында  өмір сүріп отыр. Дүниені дүр сілкіндерген  әрқилы оқиғалар керуен көшінің тізбегінен жаңылмай келеді. Бір жаңалық екінші жаңалықтан асып түсетін аласапыран, қауырт кезең.   Дәл осындай   аумалы-төкпелі  сәтте қазақ халқы  етек-жеңін жинап үлгере алды.  Егер мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  дер кезінде мәлімдеме жасап, қатаң тәртіп орнатпағанда  онсызда  қалт-құлт етіп тұрған  халық қандай күйге түсер еді. Алпауыт елдердің короновирусқа төтеп бере алмауының себеп-салдары айтылып жатыр. Бұл жолы да мемлекет басшысының  шапшаңдығы, қайраткерлігі, халықшыл тұлға екені  айқын көрінді. Шынын айтқанда  бүкіл әлем мұндай аса қауіпті қатерден мүлде бейхабар еді. Осы қиындыққа дамыған елдердің өзі дайын бола қойған жоқ, есесін кетіріп алып, ес жинап жатыр, мұны ақпарат   көрсеткіштері анықтап беріп отыр.
Айтып келмейтін апатты ауыздықтау үшін мемлекет басшысы ең бірінші Қазақстан халқына арқа сүйеді. Төніп келе жатқан қауіпті сейілтетін елдің бірлігі мен ынтымағы, сабыры мен шапшаң қимылы ғана еді.
Президенттің әр ұсынысына, шешіміне халық сенім артып, қолдау көрсетіп келеді.
Қазақстан мемлекеті жаңа кезеңге аяқ басты. Сабақтастық, әділдік, өрлеу кезеңі басталды. Қоғам  әділет жолымен өрлеу үшін жаңа көзқарасқа жүгінді.
Президент  сайлаушылырының алдында  төрт құндылықты негізге алған болатын. «Адамдарды тыңдап, түсіне білу. Үлкенді сыйлап, құрмет көрсету. Жастардың кәсіби тұрғыдан және тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау» Ол бір жылға жеткізбей-ақ, осы қағидасын жүзеге асырды. Саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынды. Бұл  үлкен бетбұрыс!!!
Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет. Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңге аяқ басады. Қазақ  халқының  күткені де осы!!!
Ең бастысы – халықты тыңдайтын билік құрды. Білімді, ықпалды жастардың жаңа буынын  мемлекеттік қызметке жасақтады.  Бұл жаңа реформаның үлгісі!
Жыл басында  мемлекет басшысының  қабылдауында болдым. Қазақтың еңселі Ақордасын алғаш рет көрдім.  Бұл менің жеке басымның ғана емес, қаламгер қыздарға деген мемлекет басшысының құрметі деп білемін. Қазақстан Республикасының Президенті  сайланатын тарихи кезеңде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілі болғанымды мақтанышпен айта аламын.
Сырым батырдың: «Мен ағайынды екеумін: біреуі — өзім, екіншісі – халқым» деген қанатты сөзі бар.  Осы қағиданы Қасым-Жомарт Кемелұлының жұмыс тәсілінен, азаматтық ұстанымдарынан, табиғатындағы жаратылысынан аңғарамын.
Президент тазалығымен, әділдігімен, парасат пайымымен, бел буып, шешім қабылдайтын қайсарлығымен, батырлығымен халқының бел ортасынан табылып келеді. Ол ешкімді бөліп жармайтын, бөтен көрмейтін қайырымды адам.  Сол мінезімен-ақ халқының  құрметіне бөленіп үлгерді. Ешбір жасандылыққа бой алдырмай халық қолдауына ие болды.
Халық қасиетті ұғым. Оның сынауы оңай, сүйсінуі қиын.  Президенттік жұмысына кіріскен мемлекет басшысының бір жыл ішінде атқарған жұмысы ұшан теңіз. Қордаланған мәселелерді шешу қиындық туғызып отырғанына қарамастан халықтың игілігіне күш салды.
Мемлекет басшысы бейбітшілігімізді мәңгілік, болашағымызды жарқын,  еліміздің беделін үстем ететініне сенімдіміз.

 

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінен мәлімдеме жасаған болатын.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір