Мен Моно Лизаны ұнатқан емеспін
11.10.2019
1002
1

Энн Карсон 1950 жылы Канаданың Онтарио қаласында дүниеге келген.  Өмірінің көп бөлігі университеттерде лекция оқумен өтіп келеді. «Шыны ирония және Құдай», «Қызыл автобиография», «Қалқыма» сияқты жыр жинақтарының авторы. Энн Карсонның «Күйеу сұлулығы» атты кітабы 2001 жылы баспадан шыққан соң, есімі алыстарға шарлап кетті.   Поэтикалық үлгімен жазылған бұл кітап көптеген оқырмандардың іздеп жүріп оқитын кітабына айналды. Әдебиеттанушылар Энн Карсонның шығармашылығын – ежелгі дәуір мен қазіргі кезеңнің астасуы, бір арнаға тоғысуы  деп бағалайды. Биыл Нобель сыйлығына үміткерлер қатарында Карсон ханымның да есімі аталды. «Даңқты сыйлықты Энн Карсон алады» деген болжамдар да көп болды. Биылғы Нобель сыйлығы  польшалық жазушы Ольга Токарчук пен австралиялық жазушы Петер Хандкеге бұйырды.


 

– Сіздің шығармаларыңыз поэзия туралы пайымды тіптен тереңдете түскендей. Ендеше, поэзия деген не?

– Егер прозаны бір үй десек, онда поэзия от жалынында асыға жүгірген адам сияқты.

– Ақын өлеңді таңдай ма, әлде  өлең ақынды таңдай ма?

–  Мен сурет салғанды ұнатушы едім, бірақ онымнан түк шықпады. Кейін бұл әуестік өз ойларымды қағазға түсіруге, жазуға ұласты. Негізінде, сурет салу  жазумен  онша байланысты емес, дегенмен олар бір-бірін толықтырады, жаңартып отырады  әрі екеуі де ақыл-ойды пайдаланудың балама тәсілдері деуге келеді.

– Сіз қай жерде өстіңіз? Ата-анаңыз немен айналысады?

– Мен Канаданың Онтарио аумағына қарасты  шағын қалашықтарда  өстім, сол мекендерде өмірге бейімделдім. Әкем банкте жұмыс істеді. Анам бізді тәрбиелеумен айналысты.

Моно Лиза

– Профессор Энн Карсонның өмірі ақын  Анне Карсонның  өмірімен салыстырғанда сенімдірек болды ма?

– Мен бұл туралы ешқашан ойламадым.  Сенімділікті айтамын.

– Лондоннан шығатын «Шолу» журналында Стивен Берт сіз туралы былай деп жазыпты: «Оның әлемі ешқайда жоқ, тіпті, өз санасында,  біздің заманымызда немесе ежелгі әлемде де ол кездеспейді». Бұл шын сөз бе ?

– Мен су астында ғана өзімді жайлы, еркін сезінемін.

– Өлеңді жадқа сақтау қаншалықты тиімді деп ойлайсыз?

– Мен үшін өнер – терапия емес.

– Кезінде сіз танымал спорт түрі – боксқа да қызығыпсыз, не үшін?

– Ол – өткен кезең ғой. Өтті. Бітті.

– Жарыңызбен бірге студенттерге ынтымақтастық туралы дәріс оқиды екенсіздер,  мұндай қасиетті үйрету мүмкін бе екен?

– Жоқ, мұны тек тәжірибе арқылы  сіңіруге болады. Біз студенттерге қандай да шаруаны бірлесіп орындауға тапсырмалар береміз. Сол арқылы олардың «ынтымақтастық» турасындағы түсініктері қалыптасады.

– Жанартауларға да әуестігіңіз бар екенін бір жерден оқып едім. Бұл әуестік неден, қайдан басталып еді?

– Бұл әуестік сурет өнерімен «ауырып» жүрген кезімде басталған. Атылған жанартауларды алуан түсті бояулармен қағазға түсіру  – оңай шаруа ғой.

– Өлең тудыратын эмоционалды тақырыптарды саналы түрде іздейсіз бе?  Мұндай тақырыптардың уақыты өту қаупі бар ма?

– «Саналы түрде» дегеннің не екенін білмеймін, ал өлең тудыруға жетелейтін нәрсе – түйсік дер едім. Қауіп туралы айтар болсам, мен мұны соңғы болып түйсініп отырған жоқ шығармын?

– «Мона Лиза туралы аз аял» атты өлеңіңізді оқығанмын, сұрайын дегенім, бұл өлең жұмбақ күйінде қала бере ме?

– Мен Мона Лизаны ұнатқан емеспін. Сол үшін, әрине, бұл жұмбақ күйінде қала береді.

Ағылшын тілінен аударған Дүйсенәлі Әлімақын

Оқи отырыңыз!

 ӨЗ ЗАМАНДАСТАРЫМНАН СӘЛ КӨБІРЕК ЕҢБЕКТЕНДІМ

ПІКІРЛЕР1
Аноним 23.04.2020 | 20:40

Біреудің қаңсығы біреуге таңсық деп, қазақ ұрпығының осындай түкке тұрмайтын, жарнамамен жарқырап көрінген қоңыз адамға да жалпақтайтын жайдақ болатынын білген ғой. Мына әйелді біздің дегдар аталарымыз көрсе, жынданған жәдүгөй деп, шошыр еді…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір