ҚазҰУ БҰҰ-ның жаңа жобасын бастады
24.10.2015
1340
0
541788_486942736_big
Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның (БҰҰ) 70 жылдығы қарсаңында Нью-Йорктағы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының үйлестірушілерінің бастамасымен «START» атты ауқымды жоба өз жұмысын бастады. Аталмыш жоба болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін технологияның дамуына ықпал етуге бағытталған. 
БҰҰ-ның Глобалды хабы, ЮНЕСКО-ның тұрақты даму бойынша аймақтық хабы болып та­былатын, сондай-ақ әлемнің жоғарғы тех­но­логиялық таңдаулы 50 университеттер қа­та­рына кіретін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­тық университеті аталмыш жобаны іске қосу, мәртебесіне ие болды. Бұл көрсеткіш ҚазҰУ-дың беделінің өте жоғары екендігін және әлем­дік деңгейде ғылым мен технологияның дам­уына қосқан зор үлесінің белгісі екендігін ай­қындайды.
Конференция қатысушыларына арналған алғы сөзінде ҚазҰУ-дің ректоры Ғ.Мұтанов, қа­зіргі заманда қабілеттілік пен технология дамуы­ның маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, конференцияда БҰҰ-ның тұрақты даму бағдарламасына, оның ішінде, БҰҰ-ның Бас ассамблеясымен қабылданған «Әлемнің жан­дануы: 2030 жылға дейінгі тұрақты даму бойынша күн тәртібі» құжатына баса назар аударылды.
Жобаны іске қосу рәсіміне БҰҰ, БҰҰ даму бағдарламасының көрнекті өкілдері, ірі ха­лық­аралық қорлар, сонымен қатар, Стэнфорд, Кэмбридж, Оксфордс университеттері, Син­гапурдың ұлттық университеті секілді 30-дан аса әлемнің көшбасшы университеттері қатысты.
START жобасы әлемдік технологиялық даму сұрақтары бойынша күштерді жұмылдыру және арттыруға бағытталған. Конференция қа­тысушылары және қонақтары арасындағы интеллектуалды ойталқылар тұрақты келешек үшін технологиялық дамудың мақсаттарын жүзеге асырудағы зерттеу университеттерінің ғы­лыми әлеуетін арттыруға бағытталды.
ҚазҰУ-дың аталған жобаға қатысуы әлемнің жо­ғары технологиялы оқу орындарының ара­сындағы позициясын және мемлекет имиджін ны­ғайта түседі. Сонымен қатар, ғылым және бі­лімді дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, Қа­зақстан үшін маңызды жоғары технологиялы жо­балар мен өндірістердің алға жылжуына сеп­тігін тигізеді.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір