ҚазҰУ қалашығының атасы
09.04.2019
571
0

Есім сойы үркердей топтың ортасында әлі күнге құрметпен аталса да, жадысы жұқара бастаған көптің көңілінен көшіп бара жатқан бір тұлға бар. Ол – Асқар Закарин. Асқар Закарин – математиканы қазақ тілінде сөйлеткен жанкешті, бүгінгі ҚазҰУ қалашығының атасы. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде ректор болып тұрған кезінде Асқар Закариннің ағалық қамқорлығын көрген жас талапкерлердің бірі – Қабдеш Жұмаділов екен. «Бiз Алаштың ақысын өзгеге жегiзбеуiмiз керек, қазақтың құқын қорғауымыз керек. Ұлттың құқын, халықтың ар-намысын ешкiмге таптатпаймыз!» (Жанша Досмұхамедұлы) немесе «Хан баласының мойнында қазақтың өтелмеген қақысы бар еді, соны ақтауға тырысам, қазаққа қайтсем де қызмет қылам» (Әлихан Бөкейханұлы) деген алаш арыстарының ағартушылық жолымен жүріп өткен Асқар Закариннің өнегесін бүгінгі әңгімемізге өзек етпекпіз.

«Построить комплекс зданий Казахс­кого государственного университета имени С.М.Кирова на 5 тыс.студентов, состоящий из учебно-производственных зданий обье­мом в 300 тыс.кубометров, студенческих общежитий – на 3000 мест, жилых домов для профессорско-преподавательского сос­тава на 150 квартир.
Министерству высшего и средного спе­ц­иально­го образования Казахской ССР в 1966-1967 годах обеспечить изготовление проектно-сметной документации на строи­тельст­во комплекса зданий Казахского го­су­дарственного университета им. С.М.Кирова.
Сек­ре­тарь Центрального комитета КП Казахстана Д.Кунаев».
Бұл – Қонаевтың бұйрығы. Осы бұйрық­қа 1961-1970 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде ректор болған Асқар Закарин қол жеткізген көріне­ді. Кеңес жылдарында мұндай шешімге жету ерлікке пара-пар әрекет еді. Талай жастың үмітін үкілеген ҚазҰУ қалашығының іргета­сы міне, осындай қайраткерлердің арқасын­да қаланды. Жас ұрпақтың алаңсыз білімі үшін Асқар Закарияұлы аянбай еңбек етті. Бүкіл өмірі өнегеден тұратын ғалым жайлы естеліктер де қызық, әрі құнды.
«Ұстаз, ғалым, қайраткер ҚазҰУ-дегі ме­ханика-математика факультетінің жаңа ғимаратын салдырып, жоғары оқу орындары үшін біліктілікті арттыру факультеті мен философия-экономика факультетін, гидро­биология, ихтиология, метеорология, жо­ғары математика, орыс филологиясы, қатты денелер физикасы кафедраларын аштырды, математика факультеті негізінде елдегі тұң­ғыш есептеу орталығын құрды. Студенттер­дің М.Әуезов атындағы әдеби бірлестігі, «Жеті муза» қоғамы да А.Закарин тұсында ашылды. Республиканың сыртқы саяси қызметіне басшылық жасағанда универ­ситет­ті халықаралық деңгейге көтерді, сол жылдары оқу орнында әлемнің 20 елінен келген ғалымдар мейман болып, студенттер 36 елге сапар шекті», – дейді ҚазҰУ-дің қазіргі ректоры Ғ.Мұтанов.

Шолпан Құрманбай

(Толық нұсқасын газеттің №14 (3648) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір