Достоевскиймен кешкі ас
08.04.2019
644
0

Газетімізді ашқан бетте алдымен көзіңізге түсетіні – еліміздегі және шетелдердегі әдеби-мәдени жаңалықтар. Бұл жолы тек әлем әдебиетінің күнпарағын парақтағанды жөн көрдік. Өйткені, шетелдік әдеби кеңістікте жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренерлік тың ақпараттар жиналып-ақ қалыпты.

Достоевскийдің өзімен кешкі ас ішкіңіз келе ме? Олай болса, сізді жазушының дүниеге келген және 15 жыл өмір сүрген үйі қонаққа шақырады. В.Даль атындағы ресейлік әдебиет тарихы мемлекеттік мұра­жай­ының ұйымдастыруымен өтетін ерекше жоба аясында қаламгердің отбасы­лық дастарқанына қойылған және шығарма­ларында белгілі бір оқиғаларға қатысты сөз болатын тағам түрлерінен дәм тата аласыз. Бұдан бөлек, бүгінде мұражайға айналған жәдігер-үй ішінде саяхат жасап, жазушының тұрмыстық өмірі мен отбасылық асхана дәстүрлері жайындағы әңгімелерге қанық боласыз.


Әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, жазушы Владимир Набоковтың Швейцарияда сақтаулы мұрағаттық заттары Ресейдің Ленинград облысы Гатчинск ауданындағы «Рождествено» мемлекеттік мұражай-үйіне өткізілетін болды. Ал, сәуірдің 10-ынан бастап мұражай-үйде В.Набоковтың 120 жылдығына орай «Владимир Набоковтың әдеби талдаулары мен ой-толғамдарындағы орыс әдебиетінің үздік шығармалары» деген атпен көрме өтеді

Дайындаған А.Жақыпова

(Толық нұсқасын газеттің №14 (3648) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ