«ҚАСЫМ ХАН» ТЕЛЕХИКАЯСЫНА ТҮСКІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?
15.03.2019
290
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы киножобаны қолға алды.

Осыған орай «Қасым хан» деп аталатын телехикаяға кастинг баста­лып кетті. Актерлерді іріктеу еліміз­дің 24 қаласында наурыз айының соңына дейін өтеді. Басты, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3-80 жас аралығындағы барлық қазақстандық (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады. Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеу.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір