СӨЗ СӘУЛЕСІ
25.01.2019
1109
0

Қали СӘРСЕНБАЙ

Ой да, сөз де бейнебір сиқыр тәрізді. Келіп, кетіп жүреді. Бірде ұстайсың, бірде ұзақ уақыт жалынан сипатпай кетеді. Жұрттың бәрі «ұшып бара жатқан сөзді ұстап алатын Әлімбаев емес» (М.Қаратаев), әрине. Дейтұрғанмен де, оңашада қағазға түскен ой кешулердің бірде арық, бірде семіз шыққан түрі дейік мұны.
Бұл да бір «жалқау» не «жедел» жанр түріне жата ма, кім білсін?! Оқи отырыңыз.

АВТОР


…….

Ол сабырмен, сыбырмен жазады екен

Әдеби сынның өзі әңгіме, эссе тәрізді жазылуы не одан соның лебі есіп тұруы керек. Есенғали Раушановтың «Тәкен Әлімқұлов немесе жалғыздық жыры» («Түр­кістан», 22.11.2018) соған әбден дәлел, үлгі бола алады.

***

Көсемәлінің «Сумен жазылған өлең» («Жас Алаш», 25.05.2017) атты әңгімесі аңызға негізделіп жа­зылған екен. Қаламгердің қия­лы, көркемдік шындығы. Аңыз­дан ақиқат туатыны дәлелденген нәрсе. Ақиқаттың өзі де айтыла беретін процесс. Ол айтыла-айты­ла аңызға айналып кетеді. Оны оқырманға нанымды жеткізу үшін мықты форма табу керек. Егер Көсемәлі бұл туындысын жәй пу­б­лицистиканың тіліне салып, жур­налистік жолжазба үлгісімен жазса, бәлкім бұлай оқылмас еді. Бұл объектіге обал болар еді. Жоқ жазушы осылай жазғанды қолай көрген. Оқылымды болған себебі, ол аңыздан ақиқат тудыру үшін әдеби формаға, яғни өнерге сүйенді. Кілтін тапты. Содан кейін оқылып отыр. Бұның бағы да, бақыты да сонда.
Үлкен қалада үлкен шын­дық-тар айтылмайды. Үлкен қалада үлкен бастықтар, үлкен ақшалар болады. Ал ақша жүрген жерде аңыз да жүреді. Өкінішке орай, мұндайда ақиқаттың ақырына жете алмайсың, тек аңызға сүйе­ну­ге тура келеді. Оны су бетіне шығару үшін аңызды арқа тұта­сың. Ақиқатты аңыз арқылы ай­та­сың. Сөйтіп өзіңді осылай қор­ғап та, сақтап та қаласың. Бұл біз­дің классикалық әдебиеттегі бар тәсіл. Көсемәлі де соны шебер пайдаланып отыр.
Қайсыбір күні теледидардан біреудің бір ескерткішке бояу ша­шып кеткенін көрсетіп, әлгіні дү­ниедегі ең сұмырай етіп жер жебіріне жетіп жатыр.
Ойды ой түртеді.
Ал енді соның ақиқатына көз жеткізіп жатқан ешкім жоқ. Ол адам кімге наразы, неге наразы, онда ешкімнің шаруасы жоқ. Демек, ақиқат толық айтылмай қалды, оны жұртқа жеткізудің формасын іздеуге бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Қоғамның дертін, қасіретін, оның себеп-сал­дарын ашу бізде көбіне ешкімді алаңдата бермейді. Қысқасы, бұл әңгімені классика деуге болады.
Қазіргі әдебиет жоқ деген­дердің аузына құм құяды. Кез келген талантты жазушыға бұл тақырыпты жазып шығуға бола­тын шығар. Бірақ әсері ойлаған­дай болмауы мүмкін. Ол енді таланттың шаруасы.

…….


(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір