Атайбек адасқан түн
18.01.2019
1078
0

Өмірзақ МҰҚАЙ

Әңгіме

Сол түнгі боран орасан болып еді деседі ел. Екі күн бұрын өл­кенің аспанын торлаған бұлт басқа жер таба алмағандай осы ауылдың төбесіне үйіріліп тұрып алды. Жай ғана тұрып алса түк емес қой, Аққолқаның қотанында қарайған нүкте қалдырмай, толығымен ақ ұлпаның астында қалдырған. Атайбек байғұстың адасуына кө­рінгені шығар, бұл жерде Аққолқа деген ауыл болмағандай. Аққолқа алпыс қаралы үйімен, осынша қора-қопсысымен, қыруар мал-жа­нымен жер астына түсіп кет­кендей. Таң алдында сұрапыл жел тұрып, үлпілдеп жатқан жас қарды аспанға шығарды және.
Сол күні облыс орталығынан шық­қан пошта ұшағы да қар ас­тын­да қалған ауылды таба алмай, кері қайтып кетіпті. Ал аудан орталығынан шығатын автобус, әрине, пошта ұшағы емес. Шу дегенде шопыры күннің райын сылтауратып, автостанциядан шыққысы келмегенімен, жолау­шы­лар­дың дау-дамайынан сес­кеніп, аяқ астынан бұзыла қалған табиғатты жол жүруден шарша­май­тын қазақтарымен қоса сыбап, рөлге амалсыз отырады. Бейбас шопыр қалай сыбаса да бір адам қарсы дау айтпайды. Қарсылық білдірдің бе, әлгі әзірде ғана «Ақ­қолқа қайдасың» деп алға жұлқы­нып тұрған автобустың моторы оп-оңай «істен шығып» қалмақ. Бейбас шопыр мынадай қырсықты күні жолға шығарған автостанция диспетчеріне деген ашуын отба­сы­на қонаға жетіп қалудан басқа ар­маны жоқ жолаушылардан алып, әйтеуір сабасына түседі-ау бір уақытта. Жолдың қар ұстаған жеріне тірелгенде болмаса мұнан соң өзін біршама сыпайы да ұс­тайды. Шопырдың мұнан басқа лажы да жоқ. Аудан орталығынан бір шыққан соң, ұзын жолдың бойында автобусын бұрып, кейін қайтар кеңістік табу мүмкін емес. Аққолқаның маңдайға басқан жалғыз бульдозері ауылдан құл­қын сәріде шығып, ауданға әлгінде ғана жеткен. Автобустың басын бұрып, маңдайын аудан орталы­ғына қаратуға мүмкіндік беретін алаң қырық шақырымдық ұзақ жолдың Аққолқаның клубына ті­реліп барып үзілген ұшында ғана.
Жолға шыққаннан кейін ауыл адамдарының көңілі жайланып, ауданда ескі көзтаныстарынан кім­ді көргенін, өздері құстың сү­ті­нен басқаның бәрі бар деп ой­лай­тын аудандық дүкеннен не ал­ғанын сөз етісіп, жол қысқар­тады…

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір