Ақын «Қорқыт ата» сыйлығымен марапатталды
28.12.2018
926
0

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып Әзербайжанның астанасы Баку қаласындағы Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі ғимаратында өткен ақын, драматург Хусейн Жәуидтің қазақ тіліне аударылған өлеңдер жинағының салтанатты тұсаукесер рәсіміне қатысып қайтты.

Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы әдебиет, өнер және тарих саласындағы халықаралық қатынастардың дамуына жоғары үлес қосқаны үшін, Әзербайжанның ұлы ақыны және драматургі Хусейн Жәуидтің шығармаларын, мұрасын зерттеу және қазақ тіліне аудару бойынша жасалған зор еңбегі үшін Халықаралық «Қорқыт ата» ұлттық сыйлығымен марапатталды. Сый­лықты Әзербайжан «Деде Қорқыт» Ұлттық қорының президенті Елдар Исмайлов тапсырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір