Италияның жоғарғы наградасымен марапатталды
28.12.2018
1947
0

Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелланың жарлығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Ordine al merito della Republika Italiana» орденімен марапатталып, оны Алматыда Италия Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Паскуале Д’ Авино Президент атынан табыс етті.

Аталмыш орден 1951 жыл­дан бері тағайындалып келеді.
«Академик Ғалым Мұ­танов­тың Қазақстан мен Ита­лия арасындағы ғылым және білім салаларындағы әріптес­тікті дамытуға, сондай-ақ, екі елдің достық қарым-қатынас­тарын нығайтуға қосқан зор үлесі жоғары мемлекеттік марапатпен бағаланды, бүгін осы орденді табыстау мен үшін қуаныш», – деп атап өтті Елші.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Италияның жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Универ­ситетте Романдық зерттеулер орталығы ашылып, халықара­лық білім беру бағдарламалары аясында академиялық алмасу және мамандарды дайындау белсенді жүргізілуде.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір