«ФАРИЗА, ФАРИЗАЖАН, ФАРИЗА ҚЫЗ…»
21.12.2018
1498
0

Алматыда ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынова тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды. Жиынға қала басшылығы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының өкілдері мен ақынның туған-туыстары қатысты.

Тағылымды шарада сөз сөй­леген Қазақстан Жазушылар ода­ғы Басқармасының Төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет өз тол­ға­нысын былайша жеткізді: «Ақын есімін ұлықтау – өте өрелі іс. Жазу­шылар одағы ұсыныс жасап, Алматы қаласының әкімі Бауыр­жан Қыдырғалиұлы Байбектің қолдауымен бүгінгі ескерткіш-тақ­та ашылды. Бұл – әдебиеттің де мәртебесі». Мәр­мәр тақта Шевченко мен Зенков көшелері­нің қиылысындағы аяу­лы ақын көзі тірісінде тұрған үйдің қабыр­ғасынан орын алды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір