«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»ҚҰДЫҒЫ
21.12.2018
1438
0

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде ортағасырлық тарихи құдық іске қосылды. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде ХІV ғасырда негізі қаланған құдықты ас суға пайдалану үшін пайдаланған. Кесене құрылысы аяқталған соң «жамағатхана» бөлмесіндегі алып Тайқазанға су толтырылып, зияратшыларға арнайы тарқатылып отырғаны белгілі.

Құдық ХІХ ғасырдың бастапқы ширегіне дейін жұмыс жасаған. 1992-1999 жылдар аралығында Түр­кияның «Вакф Иншаат» фир­ма­сы кесенеге жүргізілген рестав­рациялық жұмыстарға байланысты құдық суы мүлде жабылған бола­тын. 2018 жылдың қазан айында Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Түркістан қа­ласына ресми сапары барысында Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне ар­найы ат басын бұрып, ортаға­сырлық құдықты халық игілігіне жаратып, іске қосу туралы тапсырма бергені белгілі.Осыған орай, құдық суы тазарту жұмыс­тары жүргізіліп, судың құрамы барлық тиісті сараптамалардан өтіп тиісті құжаттар дайындалды. Бүгін 16 желтоқсан Қазақстан Рес­публикасының Тәуелсіздік күніне орай аталмыш құдық қайта іске қосылып халықтың игілігіне жаратылатын болады», – деді қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов. Енді зияратқа келу­шілер тарихи құдықтан шөлін қан­дыратын болады. Құдықхана – қазандық пен дәліз арқылы байланысты ғимараттың шығыс жағындағы,мұнараға көтерілетін баспалдағы бар шаршы бөлме оңтүстіктегі шұғыл ойық есебінен созылыңқылау болып көрінеді. Құдықхананың аты осындағы құдықпен байланысты. Тарихи дереккөздерде құрылыс кезінде су алу үшін қазылған, кейіннен дін иелері құдықтан тартылған суды да шипалы деп жариялаған деп айтылады. Құдық айналасы дөңгелене кірпіштен қаланған, диаметрі – 80 см. Бұрын су 7-8 метр тереңдіктен шығатын болса, ал қазір жер асты суларының көте­ріл­уіне байланысты су 5-6 метр тереңдіктен алынады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір