БҰЛ ҮЙДЕ КІМ ТҰРҒАНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?..
07.12.2018
816
0

Алпыс екі жасында дүниеден озған марқұм ақын Хасенхан Талғаров тірі болғанда, биыл 90 жасқа толар еді. Отан, туған ел, ана тілі, жас ұрпақ тәрбиесі, отбасы құндылықтары туралы жырлап өткен қаламгерді ел-жұрты естен шығармай, қадір тұтып келеді.

Жақында Алматы қаласындағы ақынның өзі тұрған Қуанышбаев көшесіндегі №35 үйге ескерткіш-тақта орнатылды. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан салтанатты шараға ақынның туған-туыстары, жерлестері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Ескерткіш-тақтаның ашылу сал­танатында Алматы қалалық Мәде­ниет және мұрағаттар бас­қармасы басшысының орын­ба­сары Данияр Әлиев, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып, әдебиеттанушы ғалым Сәрсенбі Дәуіт, ақынның жерлес­тері атынан Амантай Көде­ков сөз сөйлеп, естеліктер айтып, рухына тағзым етті. Шара бары­сында «Заңғар» атты естеліктер жинағы­ның тұсауы кесілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір