Қадiрлi ағайын!
02.11.2018
1001
0

Еліміздегі ең байырғы бас әдеби басылым – «Жұлдыз» журналына жазылсаңыз, рухани олжаңыз молынан болмақ.

Алдағы 2019 жылы да журнал өзінің бай мазмұны, көркемдік қуа­тымен ел мұраты, халық тілегі дең­гейінде көрінбек:
– Қазақ жазушыларының уақыт талабына сай жазылған толымды жаңа туындылары, атап айтқанда: М.Мағауиннің көркем естеліктер кітабының жалғасы, Т.Сәукетаевтың «Бұлағай» романы, М.Мәжитовтың «Құныскерей» романы (2-кiтап), Ж.Самраттың «Замана бұралаңы» романы, сондай-ақ, Қ.Жұмаділ, Ә.Сарай, Б.Нұржекеев, К.Сегізбаев, Т.Нұрмағанбетов, Н.Дәутайұлы, М.Бай­ғұтов, С.Байхонов, М.Құл­ке­нов, А.Алтай, Д.Қуат, Д.Рамазан, Ж.Әбдішова, Қ.Жиен­баев, Қ.Тү­мен­баев, т.б. көрнекті қалам­гер­лердің әңгіме-хикаяттары; ақиық ақын­дарымыз Т.Медетбек, Н.Ор­а­залин, И.Сапарбаев, Иран-Ғайып, Н.Айт, С.Ақсұңқарұлы, Ұ.Есдәулет, Е.Рау­шанов, Ғ.Жай­лы­бай, Т.Әбді­кә­кімұлы, Б.Жақып, Ж.Әшім­­­­­жан, Б.Беделхан, М.Райым­бекұлы, Ж.Сәрсек, А.Елгезекұлы, Е.Жүніс, т.б. жыр-дастандары;
– «Әлем әдебиеті» айдарымен Мопассан, Флобер, Томас Манн, Ф.Достоевский, Сартр, Камю, Борхес, Акутагава тәрізді жазу­шы­лардың үздік туындыларымен қатар, қазіргі ең танымал фантастикалық, детективтік шығармалардың таң­даулы үлгілері;
– Түркі халықтары әдебиетінен жаңа тәржімалар;
– Дін-ислам дәрістері. Пайғам­бар­лар мен әулие-әмбиелердің өмі­ріне қатысты ғибраты мол аңыз-әфсаналар;
– Ұлы адамдар өмірі, табиғат тылсымы туралы қызықты хикая­лар. Ғылым мен техниканың қиял жетпес ғажайыптарына арналған танымдық материалдар. Арғы-бергі тарихымыз, төл мәдениетіміздің келелі мәселелері, жеке тұлғалар ту­ралы тың зерттеу, соны тұжырым­дар. Бүгінгі күннің өзекжарды мәселелерін байыппен зерделеген батыл пайымдаулар… Қысқасы, жылына сан алуан тақырыпты қам­титын қызғылықты он екі кітап оқисыз. «Жұлдыз» журналы әлемдік мәдениетпен сусындағысы келетін, әдебиетке жаны құштар әрбір көзі ашық отаншыл азаматтың төрінен орын алар деп ойлаймыз.
«Жұлдызға» «Қазпошта» меке­ме­сінің жергілікті бөлімшелері, сон­дай-ақ «Эврика пресс», «Ев­ра­зия пресс», «Ернұр пресс», «Қаз­пресс» мекеме­лері арқылы жазылуға болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір