Асылдың сынығы еді…
«Жәннат – ананың табанының астында» деген қасиетті хадисте. Осы сөздің астарында теңіздей терең мағына жатыр. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға.
«Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді халқымыз. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз бас иеміз.
Біздің де осындай анамыз, асыл анамыз Шуканова Касира Исраилқызы 74 жасында өмірден озды. Ол асылдың сынығы еді. Абай атамыздан– Ақылбай, Ақылбайдан – Исраил. Осы Исраилдың кенже қызы болатын. Әкесі Исраил қайтыс болғанша Абай атамыздың қонысы – Жидебайда тұрды. Анамыз 1964 жылы мектеп бітірген соң, Алматыға келіп, оқуға түсті. 1966 жылы әкеміз Аманжол Шукановке тұрмысқа шықты.
Отбасының ұйтқысы, немерелерінің мейірімді әжесі, асыл жар, көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірген ақ жаулықты анамыздың жаны жәннатта, топырағы торқа болсын деп дұға бағыштаймыз.
Жұбайы, балалары, немерелері