«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілетін республикалық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ
07.09.2018
1424
0

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының әкім­дігі, Байғанин ауданының әкімдігі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңір­лік мемлекеттік университеті, «Ақ­төбе Медиа» ЖШС, Қазақстан Жазу­шылар одағы Ақтөбе фи­лиа­лының бірлесіп ұйымдастыруымен көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай рес­публикалық жыр мүшәйрасы өт­кі­зіледі.
Мақсаты: Қазақ поэзиясының клас­сигі Өтежан Нұрғалиевтің шы­ғар­машылығын насихаттау, Ақтөбе өңірінің рухани әлеуетін дәріптеу, жас таланттардың шығармашылы­ғын қолдау.
Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары: Жыр додасына қатысатын ақын­дар төмендегі үш тақырып бойынша бұрын жарияланбаған өлең­дерін жолдауы тиіс:
• «Өзгеше өрілген ғұмыр» (Ө.Нұрғалиев туралы өлеңдер);
• «Құтты мекен — Ақтөбе»;
• Еркін тақырып.
Сонымен қатар автор туралы ақпарат бөлек файлда ұсынылады.Мұнда қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қыз­меті, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекенжайы, электронды пош­та­сының мекенжайы, телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің тақы­рыбы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, түрлі түсті суреті мен жеке куәлігінің сканерленген көшірмелері жіберілуі тиіс. Екінші файлда байқауға ұсынылатын өлеңдері бүркеншік есіммен салынуы керек. Өлең­дер Times New Roman шрифтімен (14 рt), 1 аралық интервалмен, Word мәтіндік редакторында теріліп, on.mushaira@mail.ru электронды ме­кенжайына 25 қыркүйекке дейін жолдануы тиіс.
Негізгі кезеңдер: өлеңдерді қабылдау – 25 қыркүйекке дейін; іріктеу ке­зеңі – 26 қыркүйек – 5 қазан; қорытынды – 19 қазан.
Мүшәйра жүлделері: Мүшәйра жеңімпаздары арнайы диплом және сыйа­қымен марапатталады:
Бас жүлде біреу – 500 000 теңге;
I орын біреу – 400 000 теңге;
II орын біреу – 300 000 теңге;
III орын біреу – 200 000 теңге.

Ұйымдастыру комитеті

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір