Сақал қойған «серілер»
13.07.2018
1573
0

Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ


Сақал қойған

Түрлеріне қарасаң,
Балапаны тауықтың.
…Иектегі сақалда,
Белгісі бар қауыптың.

Салафих деп сыртынан,
Шошынады көргендер.
Ақылынан алжасқан,
Аққуларға ермеңдер.

Мұрт пен сақал қойғаны,
Қарияға жарасар.
Қутыңдап-ақ кетеді,
Біз сияқты қара шал.

Мұрт қоймапты әкесі,
Жоқ ешкімге шатағы.
Баласының бірақ-та,
Салақұлаш сақалы.

Шектен шығып кеткендей,
Көрінеді өте тым.
Әнебіреу ұқсап тұр,
Сақалына текенің.

Тимей жүр ме қолдары,
Қыруға да жүндерін.
Бородотый дегендер,
Жасап жатыр білгенін.

Қара шәлі жамылған

О, заман-ай қағынған,
Айырдың-ау барымнан.
Қаптап кеткен көшені,
Қара шәлі жамылған.

Түсі ұқсас тақтаға,
Көйлектері қап-қара.
Қара күйе жаққандай,
Қандай ерсі мақтаға.

Қалпы қайда жайдары,
Киіміне сай бәрі.
Сирияға кеткен бе,
Байғұстардың байлары.

Қорыққандай бораннан,
Тұмшаланып оранған.
Ата дәстүр салтынан,
Жұрдай болып тоналған.

Сәнін бұзған ортаның,
Сұрақ қойса жорта кім:
«Көңілдері қарайып,
Кетпесе деп қорқамын».

Қайда тағамын

Омырауым медальға толды,
«Болды бермеңдерші, болды» десемде,
Қинайды келіп қинайды.
«Қайда тағам костюміме сыймайды».

Қазақ тілі қоғамы:
Абай атамның атындағы
Медальды тапсырды.
«қаламыма кесірі тимесін» деп алдым.

Ақсақалдар алқасы:
Абылайхан атындағы
Медальды тапсырды.
«Талабымды ілгері сүйресін» деп алдым.

Қоғамдық қордан келдік деп,
Махамбет атындағы
Медальды тапсырды.
Оны да алдым,
Алып тұрып айран-асыр қалдым.

Қайдан естігенін қайдам
Бір құрдасым
«Берсе тағы да аласың ба» дейді
-Әруақтарды сыйлағаннан аламын.
Ақылдарыңды айтыңдаршы,
Ағайын,
Білмеймін… қайда тағамын.

***

Өздері келісіп алған-ау шамасы,
Бәрініңде 3000 теңге бағасы.
Жаңа мектептің жыры
Қабырғасы қаңырап,
Сумаңдаған желменен.
Ішке толды топырақ.

Салғанымен сәнді етіп,
Басқан сайын едені,
Сықырлайды әндетіп.

Қисайып тұр есігі,
Қарға кіріп кеткендей.
Терезенің тесігі.

Төбесінен су ақты,
Басылады жауын деп.
Өз-өздерін жұбатты.

Сөздің құрсағындағы сөз Пара

П-әрпінен бастасаң,
Ымпыл-жымпыл парамын.
Өткізіпсің ұсталмай,
Ставкамды жарадың,
Жер бетіне жайылып,
Микробтай тарадым.

А-әрпінен бастасаң,
Шағып алар арамын.
У-ды қоссаң қасыма,
Жайланғасын көңілім,
Уралапта аламын.

Кене

К-ден бастап оқысақ,
Қан соратын кенемін.
Бес қаруым бойымда,
Тұмсығыма сенемін.

Е-ден бастап оқысаң,
Теріңізді тесем де,
Денеңізге енемін.
Созыламын қайыстай
Табылғасын қорегім.

Тендр

Т-әрпінен оқысақ,
Тайталасқан тендрмін.
Алдап, арбап әйтеуір,
Талайларды сендірдім.
Аңқауларды жем қылдым.

Қарыз

Қ-әрпінен бастасақ,
Есіңізде сақтаңыз,
Қайтарымды қарызбын.

А-әрпінен бастасақ,
Жасағанға жамандық,
Домаланған арызбын

***

Көк тиынсыз қалғанда,
Қарыз жақсы алғанға.
Алаятық жасасаң,
Арызданса шамданба.

Наша

Н-әрпінен бастасаң,
Наркотикпін-нашамын.
Құныққанның құмартып.
Аузы-басын қисайтып,
Желіктерін басамын.
Адамдарға қиянат,
Жасырмаймын жасадым.

А-әрпінен бастасаң,
Ұстап қылмыс үстінде,
Артыңызды ашамын.

***

Мұның қалай болғаны
Мектеп неге оңбады!
Шымшымалар
Көңіл жықпа
Жазылмайды газетке,
Журналда алмайды.
Асып алып сөмкесін,
Той-думаннан қалмайды.
Төлеу мен бөлеу
Студент: Ақшасын төледі.
Институт: Бесікке бөледі.

Тендерде

Танысының қолжазбасына,
Қояды қолын шиырып.
Біз сияқты бейбақтардікі,
Қуыста жатыр үйіліп.
Ырым-дырың
-Қара мысық кесіп өтті,
Кесілді енді жолым.
Қайнауы да ғажап емес
Бұл сапардан сорым
-деді де ыза буып, күйіне.
Дәу сөмкесін арқалап
Қайтып келді үйіне.


Әйелдер жайлы «әй-әй» сөз

Мұғалім қыз күйеуге тимесе, директорлықтан дәмесі болғаны.

***

Есі, жоқ келін енесімен ерегіседі.

***

Алтынның шырайын әйел шығарады.

***

Қысқа шаш – жууға жеңіл.

***

Қызы бар үйдің жанынан маймылда миығынан күліп өтеді.

***

Тоқал жайлы телехабар бәйбішеге шаншудай қадалады.

***

Түйе өркешімен, әйел бөксесімен (беденімен) бағаланады.

***

Ұрысқақ еріннің ұшы сүйір келеді.

***

Енші алған келін елі егемендік алғандай қуа­нады.

***

Төркіншіл әйел тоныңды да ұрлап береді.

***

Түрлі-түсті бояумен боялған шаш светной телевизор сияқты.

***

Еріккен әйел жыныс мүшесін капиталкадан өткізіп еркекке айналады.

***

Қытығына тисең жуас әйелден де жуан шы­ғады.

***

Отырған қыздың бәрі орнын таппас.

***

Күйеусіреген қыз жеңгесіне жұғысып жүреді.

***

Ит жетектеген әйелге күдіктеніп қарайтын­дар көп.

***

Кемпір-шалдан қашқан келін, қара албасты басқан келін.

***

Аққөңіл әйел сыбағасын алмай сыртынан жүр­гіз­бейді.

***

Төңкеріп тастаған көз төңірегін жылытады.

***

Әдемі әйелге жақсылық жасасаң күндердің күнінде жүрегіңе жүрегімен тіл қатады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір