«Түзу кел…»
25.08.2015
1356
0

Книга 69«Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді». Міржақыптың бұл сөзі – сөз! Әлдеқайда алға озып кеткен Батыс пен өз жұртын салыстырып, «қолға алып оқырлық» қазақ баласының кітабын таппай мұңданып жүргенде, бүкіл олқылықты бір өзі толтыра салған Абай сөзі кімнің де болса дегбірін алып, демін бітеп тастардай құбылыс болғаны даусыз. 

Абайдан әркім өзін тапты. Көзі ашықтар Абайға дейін де, Абайдан кейін де мызғымаған қазақ қалпына Абай көзімен қарай бастады. Абай болып өткенің мен бүгініңе сын айтты, күйінді, ертеңіңе уайым жеді. Ғылым табуға, өнер үйренуге тырысты…

Абайдан бұрын қандай едік? Одан беріде не болдық? Қазақтың аузы қимылдаса, Абайды айтады. Абайдан айтады. Кімді сөйлетсең де, сол баяғы күңіреніс, сол баяғы әурешіл ел…

Анығы, қазақ өзгермей, Абай ескірмейді екен.
Абайға дейінгі қазақта Абай болған жоқ. Бізде бар ғой: Одан беріде нені меңгердік? Не таптық?..

Алмас Нүсіп.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір