Біз осындай елміз
15.06.2018
661
0

 

Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Түркі әлеміне қызметі үшін» Халықаралық сыйлығының лауреаты Рафаэль Ниязбековтың «Біз осындай елміз» атты өлеңдер жинағы түрік тілінде жарық көрді. «Türksav» баспасының бастамасымен шыққан бұл кітапты Мәлік Отарбаев тәржімалаған.

 

 


 

Бұған дейін Анкара қаласынан шыға­тын «Kardeş Kalamler» журналы сәуір айындағы санын Рафаэль Ниязбековтың шығармашылығына арнаған еді. Сондай-ақ «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген «Өнегелі өмір» серия­сының бұл жолғы саны Рафаэль Ниязбековтың өмірі мен шығармашылығын қамтыған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір