РАМАЗАН – РАҚЫМ АЙЫ!
18.05.2018
976
0

Серікбай қажы ОРАЗ,
Қазақстан Мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти


Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қадірлі бауырлар!
Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар бол­сын!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Ра­мазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін! Баршаңызға Жаратқан Ием жар болсын!
Біздің халқымыз ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп атаған. Берекесі мол айда жа­рапазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жет­кізіп, насихаттаған. Ал ауызашар дастарханы рухани сұх­баттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіт­кен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағ­зы­дан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз.
Таңғы сәресі әр шаңырақ үшін қуанышты сәт болса, кеш­кі ауызашар ағайын мен туысты, бір қауым елді иман­дылыққа ұйытқан, мерекесі мен берекесі үйлескен басқосу бо­латын. Аллаға шүкір, бұл игі дәстүр ғасырдан ғасырға жал­ғасып, жаңғырып келеді.
Рамазан – рақым айы! Қасиетті айдың құрметі үшін бір-бі­рін кешіріп, мейірімділік жолын ұстанған пенделер сауапқа кенеледі. Өзгеге мейірім көрсеткен адамға Алла Та­ғала оны мейіріміне бөлейді. Кешіргенге – кешірім жа­салады.
Рамазан – жақсылық айы. Оразада әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Хадис-шарифте айтылғандай, «адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақ­сылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады».
Осы ретте, отандастарымды материалдық көмекке мұқ­таж жандарға көңіл бөліп, қайырымдылық іс-шараларға бел­сенді түрде атсалысуға шақырамын. Кәсіпкерлерді Ра­мазанның құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық зат­тарға, жол-көлік ақысына жеңілдіктер жасауға үндейміз.

Құрметті жамағат!
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы «2018 – Ислам және отбасы жылы» деп атады. Қасиетті айда қарау­сыз қалған қарттар мен мүгедектерге, жетімдер мен көп­ба­лалы отбасыларға, науқас адамдарға барынша қам­қор­л­ығымызды көрсетейік, ардақты ағайын! Бір адамды қуанышқа бө-
леу – садақа.
Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйым­дастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бас­тауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол бе­рілмесе деген тілегімді білдіремін.

Құрметті қауым!
Он екі айдың сұлтаны – Рамазан құтты, берекелі болсын! Қа­сиетті айда жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл бол­сын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, ора­задан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Елі­міз – аман, жұртымыз – тыныш, халқымыздың бірлігі – ны­ғайып, берекесі арта бергей! Тәуелсіздігіміз әрқашан баянды болғай! Әумин!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір