Ажырасу: себептері мен салдары
26.01.2018
12363
1
Қазіргі таңда қазақ қоғамында әлеуметтік түйткілді проблемалардың бірі – елімізден тыс аймақтарда сыртта жүрген қандас бауырларымыз болса, екіншісі – ажырасу мәселелері. Ең қиыны, жыл өткен сайын ажырасу көбеймесе, азаяр түрі көрінбейді. Ұзақ жылдар бойы етене араласып бірін-бірі жақын таныған жастар отбасылық қиыншылықтарға кезіккенде төзімсіз. Тұрмыстық ауыртпалықты мейлінше сезе білгендер өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарайды. ҚР Ұлттық экономика Министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2010 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, олардың 40982-сі ажырасқан. Аталмыш мәлімет бойынша Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыс­тарында бұл көрсеткіш екі есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасып жатады екен. Бұл көрсеткіш оңтүстік өңірлерде әлі де болса қазақи дәстүрлі ұстанымдардың бар екендігінің көрінісі болса керек.
Әділет Министрлігінің мәлі­мет­­терінде соңғы 5 жылда 700 мың­­нан аса отбасы құрылса, соның 200 мыңдайы ажырасып кеткен. 2014 жылы Қазақстанда 159 328 не­ке тіркелсе, көп ұзамай соның 52 673 отбасының шаңырағы шай­қа­лып, 2017 жылдың ақпан айындағы мә­­лімет бойынша былтыр ғана жаңа құрылған 140 мың отбасының 51 мыңы ажырасып үлгерген.
Бұдан қандай қорытындылар жа­­сауға болады? Қазіргі таңда отбасы жеке адамдардың ғана мә­се­лесі емес, бұл мемлекеттік дең­гей­дегі демографиялық әлеуметтік сая­сатқа айналғалы қашан. Осы та­қырып бойынша үзбей айналысып жүрген белгілі зерттеуші, этнограф А.Б.Қалыштың зерттеулері де осы мәліметтердің нақтылығын растайды. Зерттеуші ғылыми ста­тис­тикалық деректерге сүйене оты­рып мынадай тұжырым жаса­ған; ажырасу көрсеткіші республи­ка бойынша 1950 жылдары әрбір жү­з отбасыға біреуден келсе, алпы­сын­шы жылдары әрбір алтыншы, сексенінші жылдары төртінші, ал тоқ­саныншы жылдары әрбір үшін­ші отбасы ажырасуға мәжбүр бол­ған.
Бүгінгі қоғамда бір-бірінің қа­діріне жете алмай, сыйластығы мен өза­ра құрметі солғындап, қиын-қыс­тау күн кешіп жүрген ерлі-за­йып­­­ты аз емес. Ажырасуды әлеу­­­­меттік-психологиялық феномен ре­­тін­де қарастырсақ, оның бірнеше се­­бептері де бар. Отбасы функ­ция­сының, атап айтқанда шаруашылық (экономикалық) қатынастарға бай­ланысты тұрмыс тауқыметі мен материалдық мұқтаждықтар, әлеу­меттік теңсіздіктер, қызметтік (жұ­мыссыздық) проблемалар, жеке бас­тарында баспананың болмауы; екіншіден, моральдік психо­ло­гия­лық факторлар; маскүнемдік, құ­мар­лық («өзара сенімсіздік», «көзге шөп салу», «нәпсіқұмарлық», «қыз­ға­ныш»), ситуациялық қиындық­тар (әйелдердің өмірге объективті көз­қарасы болмай қанағат тұтпауы; «көр­шілеріміз үлкен үй соғыпты», «жаңа көлік алыпты», «жыл сайын ши­пажайларда тынығады екен» т.т. деген пендешілік сөздер), алғаш­қы­да жас келіннің тамақты дұрыс пі­сіре алмауы немесе күйеуінің балғамен шеге қаға алмауы да, әйел­дердің тұрмыс құрған соң тек күйеуімен ғана жеке өмір сүріп, тапқан табыстарын тек өздеріне ғана жұмсауды мақсат еткен эгоис­тік көзқарастары, ата-ене, туған-туыс, қайын жұрттың екі жастың жеке өміріне араласуы, олардың ара­сындағы түсініспеушілік («дұ­рыс той жасалмады», «жақсы киіт кигізбеді», «құдалықты жақсы күт­педі» деген болмашы сөздер); үшін­шіден, физиологиялық фак­тор­лар­дың да орын алуы; денсаулықтағы кінәрат, біреуінің аурушаң болуы, перзент сүйе алмау, осы­ның бәрі айтарлықтай күйзеліске ұшыратып, ең аяғында бір-біріне дұрыс көңіл бөлмей өзара жанұя­лық қатынас­тарға немқұрайды қарауы да, от­басылық өмірдің құн­дылығымен салыстырғанда түк­ке тұрмайтын болымсыз сырт­қы-ішкі факторлар, осылардың бәрі де ерлі-зайыптылар арасын бірте-бірте алшақтатып сызат түсуі­не себепкер болады. (Жаңаар­қа ауданынан жиналған этногра­фия­лық экспедиция материалдары: Информатор респонденттер, Қарағанды облысы, Жаңа­арқа аудандық орталық­тан­дырылған С.Сейфуллин атын­дағы кітапхана қызметкерлері: Диана Акимова, Г.Б.Аман­баева, Г.С.Ахмедина, А.Жан­шораева, Жұма­бике Смайылова, Надира Смағұлова, Әлия Мусина, М.Ж. Түсіп­баева, С.С.Шайхина, т.т.).
Бұл аталынғандардың бәрі де кейіннен пайда болған объективті де субъективті себептер. Ғалым­дар­дың пікірі бойынша отбасылық қатынастардың бұлайша күрт өз­геруі қоғамдық әлеуметтік қарым-қатынастардың түбегейлі өзгеруі­мен де тығыз байланысты. Яғни, от­­басында патриархалдық (ерлер беделінің жоғары болуы) дәуірдің матриархалдық (әйелдер билігінің үстем болуы) белгілерге ауысуы және жеке меншіктік қатынастар­дың өзгеруі (баспана, машина, жи­нақ ақша, мал мүлікке байланысты ортақ меншіктік көзқарас­тар­дың жойылуы), т.с.с. әлеуметтік саладағы өзгерістер де отбасылық қатынастарға жеңіл қарауға, үстірт, асығыс шешім шығаруға негіз болуда. Кеңес дәуіріндегі отбасылық қатынастарды зерттеген Х.Ар­ғын­баев «үйленген ағайынды адам­дар­дың бір отбасы болып та­ба­тын табыстарын да, барлық шы­ғындарын да біріктіріп тұруы қа­зіргі кезде көпке созылмайды. Өйт­кені әр отбасы мүшесі қазіргі күн­де еңбек етеді, еңбегіне қарай та­быс табады. Әрбір ерлі-зайыпты жастар бөлек үй болуды, жеке тұр­мыс құруды ұнатады. Оларды үнемі бір­ге тұруға мәжбүр етіп тұрған еш­бір эко­но­микалық әлеуметтік фак­тор қазір жоқ. Олар әдетте жеке тұр­атын үй мәселесі шешілгенше ға­на бірге тұрады», – деп жас от­ба­сылардың бөлінуін әлеуметтік экономикалық және материалдық жағдайлармен байланысты екенін ғылыми сараптама жолымен дәлелдейді. Алайда қазақ қо­ғамында «дәстүлі қазақ семьясы же­ке дара, кіші семья болып бөліне бастауы» орта ғасыр­лар­дың өзінде-ақ көрініс бергендігі тура­лы пі­кір­лер де бар (Арғынбаев Х.Қазақ халқындағы семья мен не­ке (тарихи- этнографиялық шолу). – Алма­ты: Ғылым, 1973. — 32-41 беттер). Ал негізінде қазақ қауы­мында үлкен патриархалдық отбасының ыдырау процестерін өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы конфискация, коллективизация дәуі­рімен қоса кейінгі жылдарда одан әрі жал­ғасқан отызыншы жылдар аштығы, репрессия, соғыс қасіреті сияқты әлеуметтік апаттардан іздеу керек. Халқымызда бұрынғы дәуірлерде әдет, дәстүр ретінде қалыптасқан атастыру, құда түсу, қалыңдық айт­тыру, мүшел жастан асса некелес­тіру салттары бүгіндері архаизмге айналған. Қазақтың эпостық жыр дас­тандарына өзек болған «есті ба­ла он үшінде баспын дер, ессіздер отызында да жаспын дер» дегенді ұмытып, ескінің сар­қын­шағы дедік. 1897 жылғы санақ мә­лімет­терін зерттеген И.В.Ста­севич қазақ арасында 10 жасқа дейін 355 қыз, 10-12 жас арасында 1045 қыз, 13-14 жас­та 4225 қыз, 15-16 жас аралығын­да 19354 қыз тұмыста болғандығын жазады (Стасевич И.В. Социальный статус женщин у казахов: тра­диции и современность. – СПб.: Нау­ка, 2011). Арнайы зерттеулер мен мұрағаттық көрсеткіштер де бұл деректердің дұрыстығын дә­лел­дейді: «Если рас­смотрим средний возраст вступления в брак женщин – казашек по периодам, полу­чаем следующие данные: (Бұл деректер Мәскеудегі Ресей Федерациясы Мемлекеттік мұрағатынан алынып отыр және нақты болуы үшін аудармасыз бе­ріп отырмыз):
В периоде до 1916 год 16,94 лет.
С 1916 г. по 1921 год 16,73 лет.
С 1922 г. по 1925 год 16,73 лет.
С 1926 г. по 1929 год 16,81 лет.
С 1930 г. по 1937 год 17,74 лет.
Средний возраст выхода замуж равен 16,5 годам» ( ГАРФ. Фонд, А-570. Оп.1. Дело 850. Л.17. На 10 листах).
Ғасырлар бойы қалыптасқан қа­зақ қоғамының тұтастай өзгеруін мы­на мұрағаттық деректер де нақтылай түседі: «Если возьмем соотношение возраста мужа и же­ны при вступлении в брак до 1925 г. время существования калыма, многоженства и ранних браков, и после 1925 г. когда начал осуществляться декрет об отмене калыма, то имеем следующие данные: Ранние браки до 1925 г. составляют 12,6%, после 1925 г. 6,3%, т.е. уменьшилось в два раза; после 1930 г. ранние браки стали как исключительно редкое явление. До 1925 г. отмечаются немало случаев брачного возраста, когда муж старше жены на 20 и больше лет. Эта цифра после 1925 г. падает в три раза» (ГАРФ. Фонд, А-570. Оп.1. Дело 850. Л.18. На 10 листах). Халқымыздың түсінігі бойынша, жастарды неғұрлым ерте үйлендірсе, өзін тұлға ретінде жауапкершілігін сезініп ұрпағы ерте ержетіп мықты болады деген сенімде болған. Ал бүгінгі қоғам өзгерістерге тез бейім келетін азаматтардың ортасы. Жаңашылдыққа деген бетбұрыспен қатар, қоғамдық идеологиялық әрекеттер де бойымыздағы болмашы «ескінің сарқыншақтарын» да санамыздан сілкіп тастап, «на­дан­дық», «керітартпа» әрекеттер деген ұғым қалыптастырды.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ажы­расу дегеннің болмауы, ал бол­ған күннің өзінде де өте сирек кез­десуін бүгінгі зерттеулерден де не­месе ежелгі қазақ қоғамын зерт­те­ген ғылыми еңбектерден де бай­қаймыз. Себебі, қазақта «әмең­гер­лік» институты, «әйел ерден кетсе де, елден кетпейді» деген дәстүрлі са­наның ырқы орынсыз неке бұ­зылуына, жетім-жесірлердің кө­беюі­не жол бермеген. (Ғылымда ле­вират деген белгілі бұл дәстүр қа­зіргі кезде Америкалық эскимос­тарда, еліміздің солтүстігіндегі ұсақ халықтарда және Орта Азия­ның біраз халықтарында ғана сақ­талынған). Мұнын бір дәлелі өзінің са­налы ғұмырын қазақ халқындағы от­басылық қатынастарды зерттеуге арнаған көрнекті ғалым, этног­раф Х.Арғынбаев некелік байланыс­тарға байланысты әдет-ғұрыптарды сонау көне замандардан өткен ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін зерттеулер жүргізгенде ажы­расуға байланысты фактілердің бол­мауынан немесе өте аздығынан бірде-бір тарау арнамаған. Бұған қарап, қазақ қоғамында бұл әдеттің бізге кейіндеу келіп «жұғысты» бол­ғандығын байқаймыз.
Жал­пы алғанда ажырасу салдары ту­ралы мәселе әлі толық зерттелме­ген. «Әр елдің салты басқа» демекші бұл әр елде әртүрлі формада болуы да мүмкін. Мәселен, кейбір шет елдерде бұл қалыпты жағдай, одан трагедия жасай алмайсың, нуклеарды отбасы немесе азаматтық неке дегені тағы бар. Америка және Еу­ропа елдерінде араларында ор­тақ перзенттің болмауы ажырасуға себеп емес, олар кез келген уақытта ба­ла асырап алуға дайын, керісінше өзі туғаннан гөрі асырап алуды оңай жол санайды. Отбасын құру­шылардың 35-40 жасты еңсеріп ба­рып, кеш үйленуі біздің мента­литетімізге сай келмейді, бұл аза­маттық жауапкершілікті сезін­беу, одан бойын аулақ салу. Шетелдік зерттеушілер ажырасу салдарының бір-бірінен тәуелсіз үш тобын бөліп көрсетеді: ерлі зайыптылар үшін, балалар үшін және қоғам үшін.
«Отбасы шағын мемлекет» десек, демек ол «үлкен» мемлекеттің тұ­ғыры, діңі, фундаменті. Оның ұйыт­қысы отағасы немесе отанасы болып қандай жағдай болса да, отбасы мүшелері өмірдің романтикаға толы немесе кинодағыдай болмайтынын, оның өзіндік бейнеті мен жетілікті проблемалары барын оған төзіп, сабыр ете білу керектігін естен шығармау керек. Отбасы мәселелдерін көп жылдардан бері зерттеп келе жатқан психолог Дан Уайл «ғұмыр бойы бірге өмір сү­ретін жұбыңызды тапқанда соны­мен бірге ұзақ жылдар бойы шешімі табылмайтын қиындықтарға да тап боласыз» деуі негізсіз емес. Бұл жерде адам тағдыры мен қоғам тағ­дыры тығыз байланыста. Тұғыры мықты болса мемлекетіміз де мық­ты. Ажырасудың проблемалық жо­ғары деңгейге жетуі, некенің институт ретіндегі ыдырауы да жал­пы отбасының дағдарысы емес. Осы тұрғыдан алғанда Президент жанындағы Әйелдер ісі және Отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақ Мемлекеттік қыздар педаго­ги­калық университеті жанындағы әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институты мен отандық психологтарға артылар жүктің салмағы аз болмаса керек.

Дәурен Ескекбаев,
Алматы Менеджмент университетінің
бас ғылыми (бұрынғы Халықаралық
Бизнес академиясы) қызметкері, тарих ғылымының кандидаты.
Сайын Омаров,
публицист, зейнеткер.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 09.11.2019 | 11:02

Здесь вы можете заказать копию любого сайта под ключ, недорого и качественно, при этом не тратя свое время на различные программы и фриланс-сервисы.

Клонированию подлежат сайты как на конструкторах, так и на движках:
— Tilda (Тильда)
— Wix (Викс)
— Joomla (Джумла)
— WordPress (Вордпресс)
— Bitrix (Битрикс)
и т.д.
телефон 8-996-725-20-75 звоните пишите viber watsapp
Копируются не только одностраничные сайты на подобии Landing Page, но и многостраничные. Создается полная копия сайта и настраиваются формы для отправки заявок и сообщений. Кроме того, подключается админка (админ панель), позволяющая редактировать код сайта, изменять текст, загружать изображения и документы.

Здесь вы получите весь комплекс услуг по копированию, разработке и продвижению сайта в Яндексе и Google.

Хотите узнать сколько стоит сделать копию сайта?
напишите нам
8-996-725-20-75 звоните пишите viber watsapp

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір