«Жер үстінде де жұмақ бар»
19.01.2018
1356
0

Астанадағы Ұлттық музейдің мәжіліс залында белгілі жазушы Қуаныш Жиенбайдың Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «InterBesCompany» баспасынан жарық көрген «Жер үстінде де жұмақ бар» атты прозалық жинағының таныстырылымы өтті.

Бұл Ұлттық музейдің де, жалпы ас­таналық қаламгерлердің де жаңа жыл­дағы алғашқы басқосуы. Тұ­сау­кесерге Әнес Сарай, Қажығали Мұ­қанбетқалиұлы, Марат Мә­жи­тов, Жарылқап Бейсенбайұлы, Қай­сар Әлім, Ержұман Смайыл жә­не т.б. қаламгерлер, зиялы қауым өкіл­дері қатысты. Жиынды белгілі сы­қақшы Көпен Әмір-Бек жүргізіп: «Осын­дай басқосуларға жиі жолым тү­седі, реті келсе тізгінді өз қолыма ұс­татады. Бәрі дұрыс-ау, ал жеме-жем­ге келгенде әдеби шығарма ту­ралы талқылау айдалада қалады да, автордың жеке басын мақтау ма­рафоны басталады да кетеді. «Қа­зақ әдебиеті» газетінде қызмет істеп жүргенде әдеби секцияларда болатын қызуқанды айтыстардың шет-жағасын көріп қалғанбыз. Құр мақ­тау қаламгерді өсірмейді. Қуа­ныш Жиенбай бұл жағынан да кенде емес, мерзімді басылымдарда ол жайлы жақсы-жақсы пікірлер ай­тылып жатады. Сондықтан ав­тор­дан гөрі шығарма туралы көбірек сөй­лесек», – деді. Бұдан әрі зиялы қауым өкілдері сөз алып, прозалық жи­нақ туралы ой-пікірлерімен бө­ліс­ті. Мәселен, Мемлекеттік сый­лық­­тың лауреаты, жазушы Қажы­ғали Мұқанбетқалиұлы: «Ана жылы осы азаматтың «Ән салуға әлі ерте» де­ген романын да қолжазба күйінде тал­­қылағанбыз. «Жер үстінде де жұ­мақ бар» соның заңды жалғасы іс­петті. Роман әлі де талай пікір­та­лас­­тың өзегіне айналады деп ойлай­мын», көр­некті жазушы, Мем­ле­кет­тік сый­лықтың лауреаты Әнес Сарай: «Кө­бей­сіннің айналасын­да­ғы оқи­ғалар жиынтығы жақсы та­ныс. Жағ­дай кө­терсе, денсаулық кө­терсе шы­ғар­маны толық оқып шық­қан соң пі­­кі­рімді басқа жерде ай­тармын…», – деген пікірін біл­дірді.
Жиында сыншы Амангелді Кең­ші­лікұлы, қаламгер Бауыржан Ома­ров, қа­лам­гер-жур­налист Ержұман Смайыл, Марат Мәжитов, Жарылқап Бей­сен­байұлы, Қайсар Әлім, Сүлеймен Мәметтер шығар­маның негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.
Басқосуды Көпен Әмір-Бек қо­рытындылап, әдебиет туралы жа­нашырлық пікірлерге толы әңгі­ме­лер айтқан шығармашылық қауым өкілдеріне алғысын айтты.

Исатай ҚАМБАРОВ.
Астана.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір