МҰХАМЕДХАНОВ КӨШЕСІ
12.01.2018
885
0

Көрнекті ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, текстолог, Семейде Абай мұражайын ұйымдастырушы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың құрметіне Астанада көше атауы берілді.
Сондай-ақ, Қазақ бизнес және технология университетінің қабырғасына тарихи тұлғаның ескерткіш тақтасы ілінетін болды. Бұған қоса, бүгін, яғни 12 қаңтар күні, сағат 11:00-де Қорғалжын тас жолы мен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысында орналасқан Қазақ бизнес және технология университетінің аумағында көшеге тақтайша ілу мен қабырға тақтасының ашылу рәсімі өтеді. «Баян батыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қайым Мұхамедханов – Абайдың інісі, Алаштың ірісі» атты семинар жұмысын ұйымдастыру да жоспарлануда.
Игі шараға ғалымның ұрпақтары: Қанағат Қайымұлы, Дина Қайымқызы, басқа да туыстары, еліміздегі белгілі абайтанушылар мен шәкірттері қатысады. Шара рухани жаңғыру аясында, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылып отыр.

ПІКІР ҚОСУ