Қашанғы мың өліп, мың тіріле береміз?
19.08.2015
1284
0

Қазақтың бір-ақ мәселесі бар: ол «болу мен көріну». «Мен осымын» дейміз. Бірақ олай емеспіз. Абайдың «Аларман», «Десіндер» хәлі жанды жеп, қу нәпсі құлқынның ноқталы есегі болып кеткенбіз.Бұл барлық салада, барлық қабатта, барлық жерде көрініс беріп жатса, қалыпты жағдайға айналса, типтеніп дағды болса қалай ашынбайсың. Тілде бар, ділде жоқ, тірлікте бар ірілікте жоқ.

Досай КЕНЖЕТАЙ,
дінтанушы

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген»… Негізі мақ­та­натын сөз емес. Бұл қазақ ешқашан ауырып өлмеген де­ген сөз. Ол әрдайым ауырмай өлген. Ауырмай өлу – ру­хани дерт, даңғойлық, нә­псі­құмарлық, имансыздық, сат­қындық, ойсыздық, на­дан­дық… осылай кете береді. Сосын тәні саудың жаны сау деп қояды. Бұлай сау болғаны құрысын. Аңдамай сөйлейді, ауырмай өледі. Аңдамай іс қы­лады, сатқындығын да біл­мей қалады. Аңдамай одақ құрады, сосын бәрінен айрылады да, ешкімге керек болмай қалады. Өз бауырына аңдамай қиянат жасайды, тағы ауырмай өледі. Тек бар­мағын шайнаумен күні өтеді.Аң­дамай еліктейді, сосын өзі­­нен өзі өледі. Өлген – ары, на­мысы. Сосын өзін ақ­­тап тағы шығады. Өткен­нен сабақ алмайды, тағы өле­ді. Қашанғы мың өліп, мың тіріле береміз?
Қазақ халқы тәубешіл. Ол рас. Бірақ тәубені қайта-қай­та бұза беру деген өзіңді-өзің алдау емес пе?

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір