Тіл саясаты – ұлт саясаты
20.10.2017
1124
0

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен бірге «Рухани жаңғыру жағдайында жоғары білім жүйесінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Қазақ тілінің қолданылуын да­мыту, мемлекеттік тіл саясатын на­сихаттау мақсатында ұйым­дас­тырылған ғылыми-тәжірибелік кон­ференцияның негізгі міндеті – мем­лекеттік тіл саясатының өзек­ті мәселелеріне, осы саладағы озық іс-тәжірибелер мен қол жет­кіз­ген оң нәтижелерге талдау жа­сау және сонымен бірге орын алып отыр­ған мәселелер мен оны ше­шу­дің жолдарын қарастыру болып та­былады.
Жиынға тіл білімінің белгілі ға­лымдары, ЖОО-да қазақ тілінің оқы­тушылары, жергілікті атқа­ру­шы органдардың тіл мәселесіне жауап­ты қызметкерлері мен тіл­дер­ді дамыту бөлімдерінің бас­шы­лары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкіл­дері және де көптеген сту­дент­тер қатысты.
Алматы қаласы Тілдерді да­мыту басқармасының басшысы, фи­лология ғылымдарының кан­ди­даты Мамай Ахет кіріспе сөзінде мемлекеттік тілдің бүгінгі ахуалы мен оның маңыздылығы жөнінде тоқ­тала кетіп, қазіргі таңда мем­ле­кеттік тілдің ақпарат кеңістігінде дұрыс қолданылуына баса назар ау­дару қажеттігін айтты.
ҚР Ұлттық ғылым акаде­мия­сы­ның корреспондент-мүшесі, фи­­лология ғылымдарының док­торы Фаузия Оразбаева «Рухани жаңғыру кеңістігіндегі жазылым мә­дениетінің орны» мәселесі төңі­ре­гінде кеңінен айтып өтті. Әл-Фа­раби атындағы Қазақ Ұлттық уни­­верситеті тіл білімі кафед­расының про­фессоры, филология ғылым­ының докторы Анар Бек­мыр­за­­қызы «Қазақтың төл дыбыс­тары: қо­сар ма, дара ма?» деген тақырып­та сөз алды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір