Сапалы білім – болашақтың кепілі
01.09.2017
1338
0

ҰБТ тапсыратын оқушыларды қыркүйек айынан психологиялық, моральдік тұрғыдан дайындау керек. Бұл балалардың сынақ кезінде тиянақты болуына әсерін тигізеді. Ең бастысы, берілген уақытты тиімді пайдалануды үйреткен жөн. Әрі тест сұрақтарын баланың санасына әбден сіңіріп, дағдылы болғанға дейін дайындық түрлерін өткізу қажет. Осы орайда ҰБТ-ға дайындайтын орталықтардың атқаратын міндеті зор.

Олар тек ҰБТ-ға дайындап қана қоймай, олардың әр пән бойын­ша білім көрсеткіштерін де анықтап бере алады. Құзыретті орган­дардың тапсырысы бойынша мектепішілік бақылау, әкім­шілік бақылау жасап, олардың қо­рытындысын шығарып отырады. Сол бақылауларды тексере ке­ліп, қай оқушы, қай пәннен жә­не қай тақырыптан артта қа­лып отырғанын көрсетіп, мектеп әкімшілігіне аналитикалық есеп бе­реді. Одан соң әр баланың оқу деңгейіне қарай қосымша са­бақтар өтеді. Баланың осал тұ­сын дер кезінде аңғарып, әр оқу­шыға жеке-жеке егжей-тег­жейлі түсіндіру сабақтарын өт­кізу­ге тиіспіз. Әрі оқушының орын­дай алмаған тапсырма­сы­ның дұрыс жолдарын көрсетіп, қа­темен жұмыс жасауға мүмкін­ші­лік беру керек. Мәселен, бір сы­ныпта 30 бала болса, олардың әр­қайсының таңдау пәні әр түрлі. Сол пәндер бойынша балаларды топтастырып, оларға білікті ма­ман­дар дәріс өткізгені дұрыс. Бұл әдіс­тердің баланың білімін те­рең­детуде маңызы зор. Өзім қыз­мет істейтін «Ustudy» компью­тер­лік тестілеу орталығы 2009 жылы ашылды. Ол жылдары бұл орта­лық­тың бағыты өзгеше болатын. Шалғай жатқан елді-мекендердегі оқушыларға видео сабақтар жазып, сол арқылы балалардың бі­лім деңгейін жоғарылатумен ай­налыстық. Мәселен, математи­ка пәнінен оқушы бүгінгі сабаққа қа­тыса алмай қалса, ол кітап­-
ха­на­ға кіріп сол пән бойынша видео сабақтарын компьютеріне жүктеп алып, қайталауына болатын. Осы үрдіс бойынша 2011 жыл­ға дейін жұмыс істедік. Ке­йін тек қана видео сабақтармен шектелмей, оқушылардың білімін те­реңірек зерттеу мақсатында тестке дайындауды да қолға ал­дық. IT технологиялық платформа жасалды. 2011-2013 жылдары ор­талықтың жұмыс­тары қар­қын­­ды дамыды. Балалармен ты­ғыз бай­ланыс жасау мақсатын­да демалыстарда кампус ұйым­дас­­тыр­ған жөн. Кампус дегеніміз – 5 сыныптан бастап
11 сыныпқа дейін өтетін тақы­рып­­тарды қыс­қа уақыт ішінде қайта­лап шығу. Баланың өз-өзіне деген сенімін арттыру мақса­тында әр оқушы­мен жеке-жеке жұмыс жасап, пси­холо­гиялық жағынан ын­та­лан­дыру.
Бұл тәжірибенің жоғары көр­сет­кіштері 2015-2016 жылдары бай­қала бастады. Оқушылар «Ustudy» орталығына тест тапсыру арқылы ҰБТ-ға толық дайын­дық­тан өтеді. Алдағы мемлекет­тік сынаққа үрейленбей бара алады. Биылғы оқу жылында да 10-11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жұмыстары жоспарлануда. Оқушылар үшін жаңа тест базасы жабдықталған. Оқушының қалауы бойынша тест қағаз, оффлайн, онлайн түрінде тапсыра ала­ды. Сынама тест сұрақтары­ның барлығы базаға Ұлттық бі­рың­ғай тестілеу орталығынан келеді.
Алматы облысында 19 аудан бол­са, соның ішінде білім көр­сет­кіші бойынша Балқаш пен Қара­тал 15 және 18-ші орындарда тұр­ған. Аталмыш орталықтың қар­­қынды жұмыстарының нәти­же­сінде Балқаш ауданының білім көрсеткіші төртінші орын­ға, ал Қаратал ауданының білім көр­сеткіші екінші орынға дейін кө­терілді. Ол жерлерде 11 сынып оқу­шыларына үш рет кампус жасал­ды. Бұндай ҰБТ-ға дайын­дық орталықтарының ең басты ба­ғыты – сынақ алып қана қой­май, оларға жүйелі білім беру. Өмір­ге қызығушылықтарын арт­тыру. Болашаққа деген сенім­дерін ұлғайту.

Алжанбек БОЛЫСБЕКҰЛЫ,
ЖШС «U-Partners» Ustudy бас директорының орынбасары.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір