Мықты діңгек
21.07.2017
1708
0

Қазір жаһандану үрдісі жүріп жатыр. Яғни оның мағынасы – тұтастану дегенді білдіреді және ол екі сипатта жүреді, әлемдік және мемлекеттік деңгейде. Қазақты тұтастан­дыратын нәрсе – ұлттық сана-сезім.

Ел аузында «жүз рет естіген­нен, бір рет көрген артық» деген бар. Бірнеше жыл «білім беру са­ласының бренді» саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­тық университетінің шетел аза­маттарына арналған дайын­дық факультетінде (сол кезде), ҚХР-дан, Моңғолиядан келіп, бі­лім алушы шәкірттерге дәріс бер­дім. Айтарым көп, тоқетеріне тоқ­талайын.
Жылдар өте келе, оралман жас­тар тіліндегі ерекшеліктер, оның себептері, ана тілінің сақ­талу құпиясы қызықтырды. То­лығырақ білсем деген осы қы­зығушылық ғылыми тақырып таңдауыма итермеледі. Себебі, Қа­зақстаннан тыс жерлерде өмір сүрген қандастарымыздың тіл айшықтарын зерделеу – ұлт ке­шегісі мен болашағына аса қажетті мәселе. Сонымен, қазақ диаспорасының тіліне қатысты «Оралмандардың ауызекі сөйлеу тіл ерекшеліктері» атты тақырып бойынша ғылыми жұмысымды аяқтап, кандидат­тық диссертация қорғадым. Көп ұзамай, ғы­лыми жұмысымның аясында Қытай Халық Республикасы Үрім­жі қаласына іссапармен ба­рып қайттым. Іле-шала 2012 жылы «Түркі халық­тары мен мем­лекеттерінің та­рихи-мәдени мұрасы және ин­теграциялық үдерістері» бағ­дарламасы бойынша «Еура­зиялық полиэтни­ка­лық кеңіс­тіктегі қазіргі түркі тіл­дерінің даму үдерістері» атты ғы­лыми ұжымдық монография автор­ларының бірі болдым. Ғы­лыми жобаны жазу барысында іс­сапарда болған күндері жинақ­таған мәліметтер мен түйіндеген ой-пікірлер, көзбен көріп, өз құ­ла­ғыммен естіген сыр-сұхбат­тар, қытай жеріндегі қазақ ға­лым­дарының ғылыми еңбек­те­ріне қатысты айтылған тұ­­­жы­­­рымдар басшылыққа алын­ды. Осы ретте, нақтылық пен дереккөздің негізінде ғылы­ми жоба да сәтті жазылды.
«Айтпаса сөздің атасы өледі» деген ҚХР-дағы қазақ диаспора­сы тілдік ахуалына тоқ­та­лайын. Қазақ тілі тарихи себептермен шекара аттаған тілге айналды. Ел екіге бөлініп қоныстанғаны­мен, тегі бір тамырдан тараған ортақ­тықтар бар, дегенмен, екі елдің қоғамдық мәдениетінің, геогра­фиялық ортасының ық­палы бол­май қоймайды. Қытай қа­зақтарының тіліне көңіл бөл­ген біршама қазақ ғалымдары­мен кездесіп, сұхбаттасудың сә­ті түс­ті. Солардың бірі – Шың­жаң тіл-жазу комитетінің до­центі, ғалым Нұрғабыл Сұлтан­­шәріп­­ұлы мырза. «Жоңго Шыңжаң қа­­зақтары мен Қазақ­стан ­қазақ­­тары тілінің фоне­тикалық өз­ге­шеліктері» атты ғылыми еңбек­тің авторы. Ғалым бұл ма­қа­ла­сын­да екі аймақ хал­қы тілін­дегі бір­шама ды­быс­тық ерекше­лік­те­ріне тоқталып, белгі­лі бір дәре­же­де тілдік айыр­машы­лық­тар қа­лыптас­қанын тілге тиек етті. Қы­тай жерінде өмір сүріп жат­қан басқа да қазақ ғалымдары­ның бір­қатары­мен кездестім. Олар­дың пайымда­уынша, Қы­тайда тұратын қазақ­тар тілінде аса үлкен ала-құла­лық жоқ.
«Әлемнің әр жерінде қоныс тепкен қазақтың«қазақ» болып қалуының бірден-бір куәсі – оның сақталған тілі» деген тіл зерт­теуші ғалымдар пікіріне, ҚХР-дағы қазақтар негізінен тіл­дік тұтастығын сақтап қалған деген тілге қатысты айтылған тұ­жы­рымға өз тарапымнан қо­сы­лып, толықтырғым келеді.
Іссапар барысында Үрімжі қаласында мектептерді аралап, оқытушы-ұстаздармен пікір алыстым.Қаракөз балалар са­бақ­ты қытайлармен бірге оқи­тын көрінеді. Қытай тілінің қиын­дығынан бәрін түсініп қа­былдай алмайды, осы жағ­дай­дан соң үлгермеушілік туындайды. Ұлттық мектептерде ана тілінен басқа сабақтар қытай тілінде жүргізіледі. Қытайдағы қазақтардың тіл тағдырына бұл мәселелерден басқа да фактор­лар­дың әсері баршылық. Ең бас­­тысы, шет жерде жүрген қа­ра­көз жастарымыздың атаме­кен­деріне, қазақ еліне деген са­ғыныштары, ықыластары бір сәт те толастар емес. Иә, қандай да бір нәрсенің қадір-қасиетін өз басыңа түсіп, өз жаныңа бат­қан­да ғана түсінесің. Ол – шын­дық!
Әр елдің өзіне тән салт-сана, әдет-ғұрпы бар, өз заңы, өз мүд­десі бар. «Біздің қазақтың дос­ты­ғы, дұшпандығы, мақтаны, мықт­ылығы, мал іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамай­ды», – деп еді ұлы Абай. Демек, қазақтың қайда да қазақ екенін ескерсек, Отанын аңсап, елім деп еңіреп, қазағым деп соққан жүректерінің сағыныш лүпілін түсінуге болады. Мен оны осы жолы іссапарда жүріп терең тү­сініп, өзім арқылы сезіндім. Қа­зағымның дархандығын, пейілінің кеңдігін одан да терең, одан да жоғары бағаладым. Өз топырағымда, өз шаңырағымда жайқалып, еркін тыныстап, еркелеп жүргенім үшін өзімді шексіз бақытты санадым.
Сөз орайы келгенде, қызмет ба­бы бойынша өзім етене жақын араласып жүрген қандастары­мыз­дың қуанышты қауышуына, яғни Астанада маусым айында өткен дүбірлі басқосу – Дүние­жүзі қазақтарының құрыл­тайы­на қатысудың сәті түсті. Тәуел­сіздік жылдарында осымен бе­­сінші рет шақырылған бұл құ­рылтайдың «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында өткізілуінің астарында терең ұлттық маңыз­дылық, саяси сарабдал мағына бар екендігі сезіліп тұрды. Олай деу себебім, халықаралық көр­мені ұйымдастырушы – қазақ, киелі жердің егесі де – қазақ. Бұл – мақтаныш, бұл – үлкен мәр­тебе! Әр мемлекеттен келген қандастарымызбен осы жолғы қауышуым, көргенім, алған әсе­рім де аз емес. Құрылтай қо­нақтарын Елбасы Н.Ә.Назар­баев жүрекжарды құттықтау сөз­дерімен, ерекше жалынмен қар­сы алып, жиынды өзі ашты. «Қайда жүрсе де қазақтың тарихы, Отаны біреу-ақ. Ол – Қазақ­стан. Атамекеніміз – жалғыз. Ол – бір уыс топырағына дейін қа­сиетті қазақ елі. Бүгінгі басқо­суға негізінен, жас буынның өкілдері шақырылды. Себебі, жас ұрпақ түпқазығын ұмытпай, бір тамырын тарихи Отанында жаюға тиіс», – деді Елбасы. Иә, осылайша Ұлт көшбасшысы тағдыр тәлкегімен жер бетінің 40-тай елінде тарыдай шашыл­ған қандастарымызды елге ша­қырып, алыстағы ағайынды әр­қашан қолдайтынын қадап айт­ты. Қазақстан халқының саны 18 миллионға жеткенін биік мінберден қуана сүйін­шіледі. Бұл құрылтайға келген 350 делегаттың дені жастар екені байқалды. Көші-қон мәселесі қайта жаңғырып, жастары­мыз­дың жоғары оқу орындарында білім алуына бөлінетін квота екі есе­ге артатын болды. Елбасы қан­дастарымызды елге тезірек оралуын, Отанына қызмет етуге үндеді. Құрылтай барысында қаралған басты мәселелердің бірі – латын әліпбиіне көшу. Жергілікті қазақ пен шеттен келген қазақ бір тілде түсінікті сөйлегенімен, бір-бірінің жазбасын түсінбеуі, оқи алмауы қиын-ақ. Оған өзімнің ұстаздық тәжірибем де куә. Бір қуанарлық жағдай, бұрынғыдай шекарадағы жайсыздық, яғни шектен тыс сарғайтып күткізу, құжат жинап, ұзақ түгендеп, екі ел арасында сабылып жүру енді болмай­тыны жөнінде қан­дас­тары­мыз хабардар болды.
Елге оралған қандастары­мыз­ды ойландыратын да, тол­ған­дыратын да мәселелер жоқ емес. Біріншіден, басқа болмыс­ты қабылдаған бала бөтен елде өмірінің 19-20 жылын өткізді, бұл аз уақыт емес. Мекен еткен елдің ұлтқа тән ерекшелігі, жат жердің жақсы-жаман жақтары кімге болса да әсер етпей қой­майды. Екіншіден, қазақ тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жаң­ғыртып, жаңартып, басқа да ұс­танымдарын толықтырып жат­қан оралман жастарды мазалап та, қиындық туғызып отыр­ған – әліпби, жазу мәселесі. Жер шарын мекендеген жүздеген ұлттар мен ұлыстарды, елдер мен халықтарды ойлантатын ең не­гізгі мәселенің бірі – туған тіл­­дің тағдыры мен қолдану ая­сы.
«Әр елдегі қазақ әр елдің ті­лін мықтап игерсе, ол – білім. Он шетел тілінде сөйлесе тіпті жақсы, бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып көміп тастасақ, ол – кешірілмес күнә. Сол себепті де, мемлекеттік тіл біздің мемлекетімізді құлат­пай ұстап тұратын бір мықты діңгек екенін ұрпақтарымыз бі­ліп өсуге тиіс», – деген еді
Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Рыскен ӘБІШЕВА,
Абай атындағы ҚазҰПУ
«Сорбонна-Қазақстан» институтының аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты

Алматы қаласы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір