Мақтаншақ
16.06.2017
1660
0

Желсөзге әуес,
жоқ-ау бәлкім ес?
Болмасты болдыртқан
оңбасты оңдыртқан.
Ауызбен егін оратын,
өзінше мәз боп қалатын.
Жоғын бардай,
барын нардай өсіріп
Қатарда жүр мақтаншақ,
кәне, содан сақтансақ!?


ӨЗІМШІЛ

Біреудің сыртынан өсек айтқанға
сенікі дұрыс дейтін.
Ол өсек пен кесек –
Өзіне тигенде:
«Оңбағандық бұл іс», – дейтін
өзімшілді құртыңдар!


Тойымсыз

Ұрғылап ұта берсем,
жұмырлап жұта берсем!
Қатыр-құтыр шайнасам,
тоқсан табаққа тоймасам.

Пара берсе, ала берсем,
Емізікше сора берсем, –
дейтін тойымсыздарды –
(Сөзбен матап қойыңыздар!?).


ЖАРНАМАЛАР

Көше толған жарнама,
көз сүземіз таң қала.
Қазақша көп қатесі
кемпір-шал күлер таңдана.

Оспанханша бес асар,
шырмалар жолың осылай.
Қартайғанда ес қашар –
кесіп айтам, досым-ай.


Па, шіркін…

Па, шіркін, бұл еркіндік –
жаңа ғасыр –
бас кесерлер еркінсіп
бара жатыр!
Мәңгілік Ел болуды
армандаған,
Қазақты осы бір іс
алаңдатар…

Тұрсын ЕЛЕУСІЗҰЛЫ


Шоңайна


Кей әйелдер…

Кей әйелдер еркектерін арбаған,
Қайсыбірі өзгелерге еркелеп,
Өз ерлерін алдаған.
Бар айтары аузың қыс,
Тұр домала, ойға түс.
Арақ емес, уыңды іш,
Тұрған нөлсің.
Қауқайып құр жүргенше,
Миына қан қатып өлсін!
О сорлы!
Туып берген баланы бақ,
Ал, әйтпесе жөнің тап.
Кімнен екенін не қыласың,
Өзің ондырмайтын болғасын.
Отырып келгендей нәрсіз,
Түрің құрсын мыржиған әлсіз.
Күн көріп бақ мендей жарсыз.
Сорып тастаған борықтай
Өткеніңді ұмыт, не болыпты-ай.
Не істесем де өзім білем
ешкімнен де қорықпай, –
деп бөседі бүгінгінің ессізі.
Ерін пір ғып құрметтейді,
Жарын сүйген естісі.


Бір бейтанысқа

Алтын шынжыр әдемі екен өзіңнен,
Бір қырсықты көріп тұрмын көзіңнен.
Сомдап қана соқты екен қай әке,
Шаршаған-ау жұбайың да төзімнен.

Кердеңдеген қайқы мінез түрің бар,
Соғып тұр-ау келбетіңнен сыз-ызғар!
Орап қойса алтын менен күміске,
Саған сірә қандай еркек қызығар?


Сәңкібай ҚЫМЫРЖАН.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір