ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗИ ДАНАБАЕВ КӨШЕСІ
02.06.2017
1315
0

Ежелден қазақ ұлтының ошағына айналған Қызылорда салт-дәстүрлерді ерекше қадір тұтатын өңір. Әсіресе, «ылдидан салса төске озған» сөз өнері шеберлеріне деген құрмет бұл өлке жұртшылығының күн тәртібінен еш уақытта түсірген емес. Таяуда осындай жазушылардың бірі Қази Данабаевтың қайтыс болғанына он жыл толуына орай еске алу кештерін өткізіп, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қызылорда қаласының бір көшесіне оның есімі берілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір