МЫҢ ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ
09.09.2016
992
0

Алматыда суретшілердің «Ұлы Дала бояулары» атты халықаралық симпозиумының жұмысы қорытындыланды.

Симпозиум барысында суретшілер мен фо­тосу­рет­шілер «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық та­би­ғи пар­кінде, Шарын шатқалында, «Таңбалы тас» қо­ры­ғын­да, Үшқоңырда, Алатау бөктерінде және т.б. Алматы және Алматы облысының көрікті жерлерінде болды.

Көрменің ашылуында аталмыш шараның ұйым­дастырушысы, ҚазМемҚызПУ ректоры Динар Нө­ке­таева: «Қазақстанның қай өңірін алсақ та, тұнып тұр­ған інжу-маржан. Табиғаты әр алуан елімізде жа­зық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді ай­мақтар да бар. Көздің жауын алар әсем табиғатымыз кез келген адамды, кез келген саяхатшыны таң қал­дыр­май, таңдай қақтырмай қоймайды. Мұнда көк ас­пан­мен таласқан әсем таулар, тап-таза бұлақтар мен өзендер, ну ормандар, сан алуан өсімдіктер мен аң-құстар бар. Қанша жылдар өтсе де, дәуірлер дәуренінен сыр шертетін игіліктер жалғасы үзілген емес. Бүгінгі көрмеде шетелдік суретшілермен қатар, қазақстандық суретшілердің де тың туындылары қойылып отыр. Қазақ даласының әсем бейнесін, көр­кемдігі мен кереметтілігін кенепке түсірген нағыз та­ланттар – қылқалам шеберлерінің суреттері тари­хымызға қосқан үлкен үлес пен Алматы қаласының 1000 жылдығына үлкен тарту болмақ. Сіздерге мол шы­ғармашылық табыс тілей отырып, шексіз ал­ғы­сымызды білдіреміз!», – деген еді.

Шара соңында симпозиумға қатысқан суретшілер сертификаттармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір