ДНК-мыз оқушылардың назарында
13.07.2018
966
0

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына арналған «Жазғы ғылыми-зерттеу мектебі» жұмысын аяқтады. Еліміздің әр аймағынан келген 200-ден астам жоғары сынып оқушысы екі апта ішінде ғылым, техника, технология, медицина және тау-кен өнеркәсібі салаларында білімдерін жетілдірді. Астана қаласында өткен ауқымды шараны Назарбаев Университеті ұйымдастырып отыр. Сонымен бірге, жазғы демалыс кезінде ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік беретін лагерь ашу бастамасын да алға қойған.

– Балалар болашақ ма­ман­дық­тарын таңдау алдында тұр. Сондықтан, бұл олар үшін де, біздер үшін де мәні зор тәжірибе. Мәселен, бүгін, бір талапкер Назарбаев Университетінің ғы­лым және технология мекте­біне түсем деп шешті, – дейді Ғылым және технология мекте­бінің өкілі Әсем Дүйсембекова. Жазғы мектеп қатысушылары универ­ситет­тің ғылыми қызмет­керлері­нің басшылығымен бірге ғылым негіздерімен танысып, 10 түрлі зертханада жұмыс істеді. Дарын­ды оқушылар күн сәулесімен жұ­мыс істейтін машиналардың дизайнын, инженерлік қосым­шалар үшін Python бағдарлама­сы­мен жұмыс жасау, қанаттың аэродинамикалық профилін 3D принтерден басып шығару және модельдеу, шахта желдету құрыл­ғысын жасау, геологиялық мо­дель­деу және басқа да көптеген жобаларды жарыққа шығарды.
Зияткерлік мектеп оқушы­ла­ры жоғары деңгейде жабдық­талған зертханаларда жұмыс іс­теу арқылы өздерін шынайы ғалым ретінде сезінгендерін ай­тады. Мектепте адам ДНК-сы­ның көшірмесі жасалып, жаңа үлгідегі макеттер арқылы оқу­шылар анатомияны толық­қанды зерттеу мүмкіндігіне ие бол­ды. Жазғы мектепке Зият­кер­лік мектеп мұғалімдері де қа­тысты. Тараз қаласындағы Назар­ба­ев Зияткерлік мектебі­нің химия пәні мұғалімі Станис­лав Котов­тың айтуынша, жазғы мектептің Назарбаев Универси­те­тінде өтуі – оқушыларға қанат бітіретін зор мүмкіндік болып отыр.
– Біріншіден, балалар үздік­сіз оқыту атмосферасына енеді, екіншіден, менторлардың түрлі білім беру әдістері жас ғалым­дар­дың жан-жақты дамуына ықпал етеді, үшіншіден, оқу­шы­лардың зияткерлік әлеуетін және ғылыми-зерттеу білік­тілі­гін дамытуға бағытталған Назар­баев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Университеті ынты­мақ­тастығының маңызын ұғын­дырады, – деді ұстаз. Осылайша, Назарбаев Университеті жастар­дың ғылым жолындағы қызығу­шы­лығын оятып, өздерін тағы шыңдауға және болашаққа анық қадам жасауға өз үлестерін қос­ты.

Жанар АДЫРБАЙ.
ХАТУ-дың электронды журналистика бөлімі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір